Глава региона, заслушав выступление акима города, поручил обеспечить своевременное и эффективное освоение бюджетных средств

Қала әкімінің баяндамасын тыңдаған облыс басшысы Асхат Шахаров жобаларды іске асыруда кідірмей, қаржыны игермеу тәуекелдерін барынша азайта отырып, бюджет қаражатын уақытылы және тиімді игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Болашақта барлық жоспарланған жобалардың қаламыз үшін барынша тиімді және мерзімінде іске асырылуы маңызды. Тек осылай ғана біз тұрғындарымызға қолайлы жағдай қалыптастырып, облыс орталығын дамытуға ықпал ете аламыз», - деп атап өтті Асхат Шахаров.

 Сондай-ақ, облыс әкімі проблемалық нысандар мәселесін шешуді міндеттеді. Бүгінгі таңда Ақтөбеде жол құрылысы саласында аяқталмаған 20 жоба бар. Оның ішінде 13 жоба бойынша сот талқылаулары жүргізілуде, ал 7 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізіліп жатыр.

«Мен келісімшарттарды бұзуға дейін жосықсыз мердігерлік ұйымдарға қатысты қатаң шаралар қабылдау қажеттігін бірнеше рет атап өттім. Болашақта ұйымдардың шығындар сметасын түзету мүмкіндігіне жол берілмеуі керек. Біз мердігерлерден жобаларды іске асыру процесінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау үшін жоспарлау кезеңінде барлық шығынды мұқият және дәл есептеуді талап етуге міндеттіміз»,- деп аймақ басшысы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына бақылауды күшейтуді және мердігерлердің жауапкершілігін арттыруды тапсырды.

Облыс әкімі сондай-ақ қаладағы ірі көлемді қоқыстарды шығару проблемасына және елді мекендердің айналасында стихиялы қоқыс үйінділерінің пайда болуына назар аударды

«Бізде қоқыс шығару бойынша мәселе шешілді. Компаниялар жұмысты қалпына келтіріп, жаңа техника сатып алуда. Мәселе тұрғындардың өздері шығаруы тиіс үлкен көлемді қоқыстардың жиналуымен байланысты, оны қоқыс алаңдарының немесе тұрғын үй массивтерінің айналасына тастауға болмайды. Жыл сайын қала бюджетінен стихиялық қоқыстарды жоюға миллиондаған теңге жұмсалады. Егер тұрғындар полигондар құруды жалғастыра берсе, біз тарифтерді көтеруге мәжбүр боламыз. Қаланы абаттандыру – маңызды міндет. «Таза Қазақстан» акциясы бірреттік емес, тұрақты болуы тиіс. Қаладағы тәртіп үнемі сақталуы керек. Бұл – жалпыұлттық міндет және әрбіріміз ортақ үйімізге қамқорлықпен қарауымыз керек. Тазалық тек қонақтар мен инвесторлар үшін ғана емес, жалпы тұрғындар үшін де маңызды. Таза әрі әдемі қала өмір салтына айналуы тиіс»,- деді әкім.

Асхат Шахаров қала көшелерін су басу мәселесіне де тоқталды. Осы маңызды мәселелерді шешу үшін ол қала әкіміне осы жылдың қыркүйек айына дейінгі мерзімде кәріз жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, экология департаментімен бірлесіп, рұқсат етілмеген полигондарға тұрақты мониторинг жүргізіп, оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді.«Жұмыс нақты, үйлесімді және жүйелі болуы керек. Қаланы дамуы керек, оның нәтижелерін тұрғындар көріп, сезінуі тиіс!»,\- деп әкім жиынды қорытындылады.

Глава региона, заслушав выступление акима города, поручил обеспечить своевременное и эффективное освоение бюджетных средств, исключив задержки в реализации проектов и минимизировав риски неосвоения финансирования.

«Важно, чтобы в дальнейшем все запланированные проекты были реализованы в срок и с максимальной отдачей для нашего города. Только так мы сможем создать комфортные условия для наших жителей и достойные перспективы для развития областного центра», - отметил Асхат Шахаров.

Также аким области поручил решить вопросы с проблемными объектами. На сегодняшний день в Актобе есть 20 незавершенных проектов в сфере дорожного строительства. Из них по 13 проектам ведутся судебные разбирательства, а по 7 проводится корректировка проектно-сметной документации.

«Я неоднократно подчеркивал необходимость принятия жестких мер в отношении недобросовестных подрядных организаций, вплоть до расторжения контрактов. В дальнейшем не должно быть допущено возможности корректировки смет расходов организациями. Мы обязаны требовать от подрядчиков тщательного и точного расчета всех затрат на этапе планирования, чтобы избежать нарушений и недочетов в процессе реализации проектов», - глава региона поручил ужесточить контроль за выполнением контрактных обязательств и усилить ответственность подрядчиков за несоответствие смет и сроков.

Аким области также обратил внимание на проблему вывоза крупногабаритного мусора в городе и возникновение стихийных свалок вокруг населенных пунктов.«Проблемы с вывозом мусора у нас нет. Компании отладили работу, приобретают новую технику. Вопрос стоит с вывозом крупногабаритного мусора, которым должны заниматься сами жители, а не складировать его вокруг мусорных площадок или вокруг жилых массивов. Ежегодно бюджет города тратит на ликвидацию стихийных свалок миллионы тенге. Если жители и дальше будут создавать свалки мы будем вынуждены повысить тарифы. Благоустройство города – важная задача. Акция «Таза Қазақстан» должна быть постоянной, а не разовой. Порядок в городе должен поддерживаться регулярно. Это общенациональная задача, и каждый из нас должен заботиться о своем общем доме. Чистота важна не только для гостей и инвесторов, но и для нас, жителей. Чистый и красивый город – это образ жизни»,- отметил аким.

Асхат Шахаров указал и на проблему подтопления городских улиц. Для решения этих важных вопросов он поручил акиму города ускорить строительно-монтажные работы по проектам ливневой канализации в срок до сентября этого года. Также совместно с департаментом экологии проводить постоянный мониторинг несанкционированных свалок и принимать незамедлительные меры по их устранению.«Работа должна быть четкой, слаженной и системной. Город должен развиваться, и жители должны видеть реальные результаты!»- подчеркнул аким области.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 174
Категория: 
АктобеИнфо