Облыс басшысы бұдан кейін М.Мәметова көшесінің бойындағы «Керуен» ойын-сауық, сауда орталығына қарсы беттегі бос жатқан учаскеге барды. Бұл жерді абаттандыруды «Алихан ОЙЛ» ЖШС міндетіне алды. Облыс әкімі компания басшылығына өсіп тұрған ағаштарды кеспей, тұрғындарға қолайлы алаң етіп жайластырып беруді тапсырды. Ал Есет батыр (Нұр Ақтөбе) тұрғын алабында №72 мектеп пен көпқабатты үйлердің арасындағы бос кеңістікті «Анвар» сауда желісі абаттандырмақ. Олар бұл жерге тұрғындардың демалысына арналған сквер салады, көгалдандырады, суару жүйесін орнатады. Жобалармен танысып, кәсіпорын басшыларын мұқият тыңдаған Асхат Шахаров ең алдымен сапаға мән берілу керектігін ескертті, қаланың көркеюіне үлес қосуға ниет білдіргендері үшін алғысын жеткізді.
«Шағын саябақтар қаланың өзінде ғана емес, оның аумағындағы елді мекендерде де көп болғаны жөн. Үлкен жобаларды атқаруға қала әкімдігі күш салады. Ал осындай шағын учаскелерді абаттандыруға өздеріңіздей азаматтардың қолдауы керек. Жалпы, қаламыздың дамуына үлес қосу - азаматтық парызымыз. Сіздер қала әкімінің ұсынысын қабыл алып, абаттандыру жұмыстарына үлес қосып жатсыздар. Енді міндеттеріңізге алған жобаларды сапалы жасап, уақытылы аяқтайтын болсаңыздар, халықтың алғысына бөленесіздер», - деді облыс әкімі.
Еске салайық, былтыр «Зерде керамика Ақтөбе», «Анвар», «Көктас Ақтөбе», «IC Petroleum» компаниялары және Ақтөбе металл конструкциялары зауыты қалада бос жатқан 5 алаңқайды абаттандырып, тұрғындар отырып демалатын шағын скверлер жасақтап қойды. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Өзге де компаниялар тағы 11 учаскені қоғамдық кеңістіктерге айналдыруға уәде беріп отыр.
Глава региона затем посетил пустующий участок напротив торгово-развлекательного центра «Керуен» по улице М. Маметова. Благоустройство этой территории взяло на себя ТОО «Алихан ОЙЛ 3». Аким области поручил руководству компании благоустроить площадку, не повредив растущие деревья, и сделать ее удобной для горожан. В жилом массиве Есет Батыр (Нұр Ақтөбе) благоустройством пустыря между школой №72 и многоэтажными домами займется торговая сеть «Анвар». Они создадут здесь сквер для отдыха жителей, озеленят территорию и установят систему полива. Ознакомившись с проектами и выслушав руководителей предприятий, Асхат Шахаров подчеркнул необходимость уделять первостепенное внимание качеству и поблагодарил всех, кто намерен внести свой вклад в благоустройство города.
«Небольших парков должно быть много как в самом городе, так и в жилых массивах. Крупными проектами займется акимат, а для благоустройства небольших участков нужна поддержка и социальная ответственность бизнеса. Благодарю предпринимателей за активное участие в жизни города! Создание парков и скверов – наш общий вклад в развитие Актобе. Важно не только количество, но и качество благоустройства», — сказал аким области.
Напомним, в прошлом году компании «Зерде Керамика Актобе», «Анвар», «Коктас Ақтөбе», «IC Petroleum» и Актюбинский завод металлоконструкций благоустроили 5 участков в городе, создав небольшие скверы для отдыха горожан. Эта работа продолжится и в этом году: другие компании, обещали превратить еще 11 участков в общественные пространства.
Источник.@emergovkz