Горнорабочие  пытались украсть медный кабель стоимостью около 1 млн тенге

Хромтауда кеншілер жұмыс орнынан құны 1 миллион теңгелік мыс кабель ұрламақ болған

19 қарашада  түнгі мезгілде Хромтау ауданының 4 тұрғыны  осы аудан аумағында орналасқан кен-байыту комбинаты филиалының аумағында орналасқан мекемеден ұзындығы 10 метрді құрайтын мыс кабельді жасырын ұрламақ болған.  Олардың екеуі осы мекеменің кеншілері екені анықталды.

Екі кенші өздерінің екі таныс жүргізушісімен алдын ала келісіп,  жұмыс орнынан еркін қол жеткізу жолымен мыс кабельді ПАЗ маркілі қызметтік автобусқа тиеп алып шығуға тырысқан. 

Алайда, жұмысшылардың заңсыз әрекетін уақтылы байқаған күзет мекемесінің қызметкерлері  оларды  ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ұрлыққа оқталу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден құны 1 миллион теңгені құрайтын мыс кабель тәркіленді.  Олар кінәсін мойындады. Күдіктілердің  мекеме аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Горнорабочие  пытались украсть медный кабель стоимостью около 1 млн тенге

19 ноября, в ночное время четверо мужчин пытались совершить кражу медного кабеля с территории горно-обогатительного комбината, расположенного в Хромтауском районе.  При этом, двое из них оказались горнорабочими этого же предприятия.

Установлено, жители Хромтау, заранее обговорив все детали, находясь на территории  горно-обогатительного предприятия, путем свободного доступа, на служебном автобусе марки  ПАЗ пытались тайно похитить медный кабель длиною 10 метров.

Однако, сотрудники охранной службы своевременно заметили и пресекли  незаконные действия рабочих и передали их сотрудникам полиции.

По факту попытки кражи возбуждено уголовное дело по части 3 статьи 24, части 2 статьи 188 Уголовного кодекса Республики Казахстан. Медный кабель стоимостью около 1 миллиона тенге у подозреваемых изъят.  Свою вину они признали. Проверяется причастность подозреваемых к совершенным аналогичным преступлениям на территорий  предприятия. Ведется расследование.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 208
Категория: 
�����