13 қарашада "Самара-Шымкент" автожолының 1108-шақырымында Ақтөбе облысы ПД Патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен "Mercedes-Benz Sprinter" маркілі автокөлігі байқалды. Автокөлік жүргізушісімен әңгімелесу барысында автокөліктің Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына бара жатқаны анықталды, алайда жолда автокөлік бұзылған.
Ақтөбе облысы ПД Патрульдік полиция ротасының инспекторлары жүк көлігінің жүргізушісіне кілт-құрал беріп көмек көрсеткен. Автокөлікті жөндегеннен кейін шетелдік азаматтар полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп жолға шықты.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда абай болуға шақырады: қауіпсіз жылдамдық пен қашықтықты таңдау, кенеттен маневр жасамау, басып озудан аулақ болу, өйткені қолайсыз ауа-райына байланысты соқтығысу қаупі артады.
13 ноября т.г. на 1108 километре автодороги "Самара-Шымкент" сотрудниками роты патрульной полиции ДП Актюбинской области был замечен автомобиль марки "Mercedes-Benz Sprinter". В ходе беседы с водителем автомобиля установлено, что он направлялся из Российской Федерации в Республику Таджикистан, однако на пути следования произошло поломка транспортного средства.
Инспекторы роты патрульной полиции ДП Актюбинской области оказали помощь водителю грузовика, предоставили инструменты. После устранения поломки иностранцы поблагодарили полицейских и продолжили движение.
Департамент полиции Актюбинской области призывает водителей быть осторожными на дорогах: выбирать безопасную скорость и расстояние, избегать резких маневров, избегать обгонов, так как из-за неблагоприятных погодных условий возрастает риск столкновения.