Жыл қорытындысы. Автомобиль жолдары Ақтөбе облысы географиялық орналасуына байланысты мол транзиттік әлеуетке ие. Жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд.теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті (2023 ж. - 75%). Бүгінгі күні өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы (асфальт және негіз) төселді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 47 шақырым көшені нормативтік жағдайға келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықаралық «Самара-Шымкент» автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағытында бүгінде 2 учаске бойынша барлық қажетті құжаттама әзірленді. Ақтөбе қаласының Өлке тұрғын алабынан Хромтау ауданы Ақжар ауылына дейін учаскеде 4 жолақты тас жолдың негізін салу және коммуникацияларды қайта құру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, республикалық «Орталық-Батыс» көлік дәлізінде орналасқан «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» (401 шақырым) республикалық автожолын орташа жөндеу жалғасуда. Қазіргі уақытта, 25 шақырым пайдалануға беріліп, «Қазавтожолмен» бірлесе жұмыс жүргізілуде. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысымен байланыстыратын 90 шақырымдық республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының құрылысы аяқталды.
Итоги года. Автомобильные дороги Благодаря своему географическому положению Актюбинская область обладает высоким транзитным потенциалом. В текущем году была предусмотрена реализация 193 проектов на сумму 64,5 млрд. тенге для улучшения качества дорог местного значения. По итогам года доля автодорог местного значения в нормативном состоянии достигла 78% (в 2023 году – 75%). На сегодняшний день в регионе уложено более 500 километров дорожного покрытия (асфальт и основание). В городе Актобе ведутся работы по приведению в нормативное состояние более 200 участков дорог, что составляет 47 километров улиц. На международной автодороге «Самара-Шымкент» в направлении «Актобе-Хромтау» подготовлены все необходимые документы по реконструкции двух участков. На участке от жилого массива Өлке города Актобе до села Акжар Хромтауского района начаты работы по строительству четырехполосной трассы и реконструкции коммуникаций. Кроме того, продолжается средний ремонт республиканской автодороги «Кандыагаш – Эмба – Шалкар – Иргиз» (401 километр), которая является частью транспортного коридора «Центр-Запад». В настоящее время введено в эксплуатацию 25 километров дороги, работы продолжаются совместно с «Казакавтожол». Также, по поручению Главы государства завершено строительство 90-километровой республиканской автодороги «Актобе-Кандыагаш», соединяющей Актюбинскую и Атыраускую области.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi