Итоги  первого  дня ОПМ «Такси»

"Такси" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні

Жолаушылар көлігінің, атап айтқанда таксидің қатысуымен болған ЖКО-ның жиілеп кетуіне байланысты Ақтөбе облысының аумағында тамыздың 23-і мен 26-сы аралығында "Такси" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Аталған жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларды коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасындағы  тәртіпті жақсартуға бағытталған.  Алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелері және жолаушылар мен багажды такси автомобильдерімен тасымалдау ережелері талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ жүргізушілерді рейс алдында тексеру және таксиге техникалық тексеру жүргізіледі.

"Такси" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің  571-бабы "жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу" бойынша такси жүргізушілері жасаған 30-дан астам бұзушылық фактісінің жолын кесті.

Ақтөбе облысының полицейлері жүргізушілерден жолдарда қырағы болуды, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ЖҚЕ сақтауды сұрайды. Естеріңізде болсын, сізді үйде күтеді!

Итоги  первого  дня ОПМ «Такси»

В связи с участившимися случаями ДТП с участием пассажирского транспорта, а именно такси на территории Актюбинской области с 23 по 26 августа проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Такси».

Цель данного ОПМ обеспечение безопасности дорожного движения и повышение транспортной дисциплины среди водителей, осуществляющих на коммерческой основе перевозку пассажиров. В рамках профилактического мероприятия полицейскими осуществляется контроль за соблюдением требований Правил дорожного движения и Правил перевозки пассажиров и багажа автомобилями-такси. Также проводится предрейсовый осмотр водителей и технический осмотр такси.

За первый день данного ОПМ «Такси» сотрудниками полиции было пресечено более 30 фактов нарушений, совершенных  водителями такси по ст. 571 КоАП «Нарушение правил перевозок пассажиров, багажа и грузов».

Полицейские актюбинской области просят водителей быть бдительными на дорогах, а также соблюдать ПДД во избежании несчастных случаев. Помните Вас ждут дома!

Просмотров: 245
Категория: 
�����