Сапардың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Хромтаудағы 300 МВт қуаттылығы бар екі жел электр станциясын салу туралы Sungrow және Universal Energy компанияларымен меморандумдарға қол қойылды, сондай-ақ Мұғалжар ауданында орта көміртекті легирленген болат өндірісі зауытын салу ниеті туралы Yima Machinery Co., Ltd. компаниясымен меморандум жасалды. Сапардың екінші күні Қытайдағы металл өңдеу, экология және энергетика саласындағы ірі компаниялармен көптеген кездесулермен жалғасты. Күннің негізгі кездесуі Zhaojin Group компаниясының вице-президентімен болды. Бұл компания қымбат және түсті металдарды өндіру және өңдеу саласында жұмыс істейді. Басқосуда Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар қымбат металдарды өндіру және өңдеу саласында ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Содан кейін China Non-Ferrous Mining компаниясының басшылығымен Әйтеке би ауданында мыс кендерін өңдейтін зауыт құрылысы мәселесі қарастырылды. Бұл жоба өңірдің тау-кен өнеркәсібінің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.
Итогом работы первого дня стало подписание меморандумов с Sungrow и Universal Energy о строительстве двух ветроэлектростанций мощностью 300 МВт в Хромтауском районе, меморандум о намерении строительства завода по производству среднеуглеродистой легированной стали в Мугалжарском районе с китайской компанией Yima Machinery Co., Ltd. Второй день визита продолжился с многочисленных встреч с крупнейшими китайскими компаниями, работающими в сфере переработки металлов, экологии и энергетики. Ключевой встречей дня стала беседа с вице-президентом Zhaojin Group, китайской корпорации, работающей в сфере добычи и переработки драгоценных и цветных металлов. На встрече обсуждались возможности сотрудничества в области разработки и переработки драгоценных металлов, что имеет стратегическое значение для Казахстана. Затем состоялась встреча с руководством China Non-Ferrous Mining по вопросу строительства завода по переработке медных руд в Айтекебийском районе. Этот проект значительно расширит возможности горнодобывающей промышленности региона.
Источник.@emergovkz