Из Кыргызстана в Актюбинскую область прибыл гуманитарный груз

Қырғызстаннан Ақтөбе облысына гуманитарлық жүк келді  Жүк көліктері өңірге Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеевтің жетекшілігімен жетті. Ақтөбе облысына бауырлас елден 4 фураға тиелген 100 тонна гуманитарлық көмек келді. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын, жылытқыштар және т.б. бар.

«Қырғыздар мен қазақтар – тату халық. Біз әрқашан бір-бірімізге көмектесуге дайынбыз. Екі ел мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынасымыз дами берсін»,– деді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов Бообек Әжікеевпен кездесуде. Облыс әкімінің атынан Қырғызстан министріне Алғыс хат табыс етті.  

«Біз Қазақстанға Президентіміз Садыр Жапаровтың  және Қырғызстан халқының атынан келдік. Біз осы қиын кезеңде Ақтөбе облысының тұрғындарын қолдаймыз және бәрі де жақын арада қалыпқа келеді деп сенеміз. Біз Қазақстан халқына бірінші рет көмектесіп отырған жоқпыз. Әрдайым қол ұшын беріп,  халықтар арасындағы жылы қарым-қатынасты жалғастырамыз»,– деді Бообек Әжікеев.    Келген гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету пункті ретінде ашылған «Анаға тағзым» орталығына жіберілді. Бұл орталықта жиналған заттар мен азық-түлік, қажеттілігіне қарай мұқтаж отбасылар арасында бөлініп, аудандардағы эвакуациялық пункттерге жеткізіледі

Из Кыргызстана в Актюбинскую область прибыл гуманитарный груз  Фуры прибыли в регион в сопровождении министра по ЧС Кыргызстана Бообека Ажикеева. Из братской страны в Актюбинскую область направили 100 тонн гуманитарной помощи. В нее вошли продукты питания, одежда, постельные принадлежности, обогреватели и другое.

«Киргизы и казахи – дружественные народы. Мы всегда приходим на помощь друг другу. Пусть такие взаимоотношения между странами и народами складываются и дальше»,- сказал заместитель акима области Галымжан Елеуов на встрече с Бообеком Ажикеевым. От имени акима области он вручил министру Кыргызстана благодарственное письмо.

«Мы прибыли в Казахстан по поручению нашего Президента Садыра Жапарова и от имени народа Кыргызстана. Мы поддерживаем жителей Актюбинской области в этот трудный для вас период и надеемся, что в скором времени у вас все образуется. Это не первая помощь от нас народу Казахстана. Будем и дальше поддерживать теплые отношения между нашими народами»,- сказал Бообек Ажикеев.  Прибывшую гуманитарную помощь направили в центр «Анаға тағзым», на базе которого открыт пункт помощи пострадавшим от паводка. Оттуда вещи и продукты питания по мере необходимости будут распределяться по эвакуационным пунктам, между нуждающимися семьями и доставляться в районы.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 123
Категория: 
�����