«Aktobe Open 2024» турнирінде ирандық атақты гроссмейстер жеңіске жетті Ақтөбеде «Владимир Дворковичтің мемориалы – Aktobe Open 2024» халықаралық шахмат турнирі ирандық Пархам Магсудлудың сенімді жеңісімен аяқталды. Турнирде 21 елден 100-ден астам атақты шахматшы бақ сынады. Классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы 2024 жылғы Республикалық кубогының І кезеңін ҚР Туризм және спорт министрлігі, ФИДЕ және Ақтөбе облысы әкімдігі, Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырды. Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар, медальдар мен кубоктерді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов пен KazChess басшылары табыс етті. Ақтөбеде 4-ші рет өткен Дворкович мемориалының сыйлық қоры биыл 100 мың долларды құрады. Бірінші орынды иеленген 23 жастағы ирандық супер гроссмейстер 9 турда 7½ ұпай жинады. БАҚ беттерінде «ирандық Каспаров» деп танылған шахматшы жеті рет жеңіске жетті, бір тең ойын көрсетті (соңғы турда Алексей Саранамен) және бір рет жеңілді (3-турда отандасы, Aktobe Open-2023 жеңімпазы Бардия Данешвардан). Бас жүлдемен қоса, ол 9 млн теңге ($20 000) ие болады. Екінші орын және 7 млн теңге ($15 600) Сербия атынан шығып жүрген Александр Предкеге (2667) бұйырды – 7 ұпай. Төрт шахматшы 6½ ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер (Бухгольц коэффициенті) бойынша Сербия құрамасының ойыншысы Алексей Сарана (2706) үшінші орынға шықты. Оның табысы – ₸5 млн ($11 100). Қытайлық Бу Сянчжи (2689), армян Шант Саргсян (2637) және Беларусь өкілі Михаил Никитенко (2525) 6½ ұпаймен үздік үштіктен тыс қалды. 6 ұпай жинаған 11 шахматшының арасында Денис Махнёв (2518) 13-орынға жайғасты. Табысты өнер көрсеткен 24 жастағы павлодарлық шахматшы қыркүйек айында өтетін шахмат олимпиадасында Қазақстан құрамасын бастап шығады. Сондай-ақ, ТОП-30-ға 5½ ұпаймен Әлішер Сүлейменов (22-орын, 2499), Алдияр Аңсат (23, 2421), Рамазан Жалмаханов (25, 2490), Жандос Ағманов (26, 2467) және 5 ұпаймен Эдгар Мамедов (28, 2410) қазақстандықтар енді. Махнёв пен Сүлейменов екі үздік ойыншы ретінде тиісінше ₸1 млн және ₸700 мың алады. Әйелдер арасында алғашқы үш орынды ресейліктер бөлісті. Бас жүлде және 1,1 млн теңге ($2400) 5½ ұпай жинаған (жалпы 21-орын) халықаралық шебер және әйелдер гроссмейстері Полина Шувалованың (2456) қанжығасына байланды. Одан кейін 4 ½ ұпаймен Ольга Баделько (2385) мен Екатерина Гольцева (2303) орналасты. Қазақстандық қыздар сәтті өнер көрсете алған жоқ. Aktobe Open турнирінің Ашық біріншілігінде (Open A) ФИДЕ шебері Илья Моисеенко (2262) 8 ұпаймен озық шықты. Қазіргі кезде Ақтауда тұратын ол өзінің туған қаласында халықаралық шебер Кирилла Кудериновті (2364) жарты ұпайға артқа қалдырды. Мұнда жеңімпаз ₸1 млн алады.
Известный гроссмейстер из Ирана одержал победу на Aktobe Open 2024 Уверенной победой иранца Пархама Магсудлу из Ирана завершился международный шахматный турнир «Мемориал Владимира Дворковича – Aktobe Open 2024». В турнире мастеров соревновались больше 100 известных шахматистов из 21 страны. Большой шахматный фестиваль, организованный Казахстанской федерацией шахмат (KazChess) при поддержке Министерства туризма и спорта РК, FIDE, акимата Актюбинской области и Казахстанской федерации тенниса, является 1-м этапом Кубка Республики Казахстан 2024 года по классическим шахматам среди мужчин и женщин. Вручали денежные сертификаты, медали и кубки победителям на церемонии закрытия заместитель акима Актюбинской области Елеуов Галымжан и руководители KazChess. Мемориал Дворковича, проходящий в Актобе в 4-й раз, в этом году отличился рекордно большим призовым фондом в 100 тысяч долларов. 23-летний супергроссмейстер Пархам Магсудлу в 9 турах набрал 7½ очков, обеспечив себе первое место за счет семи побед, быстрой ничьи (в последнем туре с Алексеем Сараной) и единственного поражения (в 3-м туре от своего соотечественника победителя Aktobe Open-2023 Бардии Данешвара). Так «иранский Каспаров», как любят называть его в СМИ, пришел к очередному титулу в своей коллекции и вместе с главным призом получил сертификат на 9 млн тенге ($20 000). Второе место и ₸7 млн ($15 600) достались выступающему под сербским флагом Александру Предке (2667) – 7 очков. На 3-м месте оказался еще один член сборной Сербии Алексей Сарана (2706), обошедший еще 4х шахматистов с одинаковыми очками за счет дополнительного показателя. Его призовые – ₸5 млн ($11 100). За пределами первой тройки остались с 6½ очками китаец Бу Сянчжи (2689), армянин Шант Саргсян (2637) и Михаил Никитенко (2525) из Беларуси. В группе из 11 шахматистов, набравших по 6 очков, на 13-м месте расположился Денис Махнёв (2518) - достойный результат 24-летнего гроссмейстера из Павлодара, который на предстоящей в сентябре шахматной Олимпиаде возглавит сборную Казахстана. Казахстанские шахматисты Алишер Сулейменов (2499) – 5½ очков, Алдияр Ансат (2421) – 5½, Рамазан Жалмаханов (2490) – 5½, Жандос Агманов (2467) – 5½ и Эдгар Мамедов (2410) - 5 – вошли в топ-30 финалистов турнира мастеров. Махнёв и Сулейменов как два лучших игрока среди казахстанских участников получили сертификаты на ₸1 млн и ₸700 тысяч соответственно. Три лучших результата среди женщин показали россиянки. Главный приз и 1,1 млн тенге ($2400) достались международному мастеру и женскому гроссмейстеру Полине Шуваловой (2456) – 5½ очков (общее 21-е место). За ней расположились Ольга Баделько (2385) и Екатерина Гольцева (2303) – по 4 ½ очка. В открытом первенстве (Open A) Aktobe Open 2024 первенствовал мастер ФИДЕ Илья Моисеенко (2262) – 8 очков. В своём родном городе нынешний житель Актау сумел на пол-очка опередить международного мастера Кирилла Кудеринова (2364). Победитель получит ₸1 млн ($2200).
Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi