МҮЛІКТІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?
Тікелей мағынада, тұрғын үйді қорғау – бұл жасырын түрде ұрланып кірудің алдын алу. Алайда, егер сіз шөлді аралда немесе тас бекіністе тұрмасаңыз, өзіңізді түбегейлі қорғау әрдайым мүмкін емес.
Статистика көрсетіп отырғандай, ағымдағы жылдың 3 айында Ақтөбе облысында 160-тан астам пәтер ұрлығы тіркелген, оның 87-сі ашылған. Сондықтан, пәтер ұрлығына жол бермеу үшін ұрылардың тұрғын үйге кіру процесін қиындататын, сондай-ақ олардың ұрланып кіруін анықтайтын әдістерді қарастырыңыз.
Алдыңғы есікке ерекше назар аудару керек. Сапалы, әртүрлі модельдегі бірнеше қорғаныс құлыптарын орнатыңыз. Жақсы құлып болған кезде пәтерді бұзып кіру қиынға соғады.
Сондай-ақ, бүгінгі күні өңір аумағында "Бұлтты бейнебақылау" жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті «Қазақтелеком», «Факториал» және «Цифрал» сияқты фирмалар ұсынады: олар кіреберістерді бейнебақылаумен, сондай-ақ көше жағынан кіруге болатындай етіп жабдықтайды. Қызметтің құнына тек ай сайынғы абоненттік төлем (пәтерден 500 теңгеден артық емес) кіретінін ескерсек, оны әр тұрғын төлей алады. Осылайша сіз қаскүнемнің сыртқы түрін көре аласыз.
Терезелерге келетін болсақ, оларға торларды орнатуға болады. Бірақ төтенше жағдайлар кезінде олар шығуға кедергі болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Жеке үйлерде және саяжайларда жарық датчиктерін орнату өзекті — алдыңғы есік немесе терезе жанында қозғалыс кезінде жарықтандыруды автоматты түрде қосу қылмыскерлерді қорқытуға көмектеседі.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады! Ұрлық жасамас бұрын, олар үйлерді сырттай бақылайды: визит карточкаларын, есіктерге, соның ішінде көршілердің үйлеріне қалдырып кетеді, сонымен қатар пошта жәшіктерінің толықтығын тексереді. Есіктен барлық артық заттарды және хат-хабарларды алып тастаңыз! Егер сіз демалысқа немесе іссапарға баратын болсаңыз, көршілерге ескертіп, айтып кетіңіз. Өз-өзіңізді сенімді ұстаңыз! Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде демалыс жоспарларын немесе жұмыс кестесін жазбаңыз.
КАК УБЕРЕЧЬ ИМУЩЕСТВО?
В прямом смысле защита жилья — это предотвращение доступа в помещение. Однако защититься так радикально, если только вы не живёте на необитаемом острове или в каменной крепости, не всегда представляется возможным.
Как показывает статистика только за 3 месяца текущего года в Актюбинской области зарегистрировано более 160 квартирных краж, из которых раскрыто –87. Поэтому во избежание квартирных краж рассмотрим способы, которые могут затруднить процесс проникновения воров в жильё, а также обнаружить их присутствие в кратчайшие сроки.
Необходимо особое внимание уделить входной двери. Не пожалейте средств и установите несколько замков высокого уровня защиты, предпочтительно разных систем и моделей. При наличии хорошего замка взлом квартиры становится тяжёлой задачей.
Также на сегодняшний день на территории региона функционирует система “Облачного видеонаблюдения”. Данную услугу предоставляют следующие фирмы: “Казахтелеком”, “Факториал” и “Цифрал”, которые оснащают подъезды видеонаблюдением, а также вход со стороны улицы. Учитывая, что в стоимость услуги входит только ежемесячная абонентская оплата (не более 500 тенге с квартиры), позволить ее может каждый. Таким образом, вы сможете установить внешний вид злоумышленника.
Что касается окон, то на них можно установить решётки. Но следует помнить, что при ЧС они могут стать препятствием к выходу. В частных домах и на дачах актуальна установка датчиков света — автоматическое включение освещения при движении возле входной двери или окон поможет отпугнуть преступников.
Департамент полиции Актюбинской области рекомендует граждан быть внимательными! Перед кражей домушники часто «ведут» жильё: вставляют визитки, рекламные листовки в двери, в том числе соседские, а также приклеивают волоски и заталкивают спички возле дверной ручки, проверяют наполненность почтовых ящиков. Убирайте все лишние предметы от двери и корреспонденцию! Если вы собираетесь в отпуск или командировку, попросите это делать соседей. И будьте сдержаннее! Не говорите на каждом углу, а также не пишите в соцсетях и мессенджерах статусы и планы по отпуску или график своей работы.