Какую помощь оказывают пострадавшим от паводка актюбинцам

Су тасқыны: ақтөбеліктерге көрсетілетін көмек түрлері белгілі болды   ➤ Бірінші - жылжымайтын мүлікке, тұрмыстық техника мен жиһазға келтірілген залалды өтеу бойынша берілетін өтемақы.   Бұл өтемақының түрін төтенше жағдай жарияланған аумақтардың (Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Ойыл, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласының) тұрғындары ала алады. Ол үшін тұрғындар 30 күнтізбелік күн ішінде материалдық шығынды өтеу туралы өтінішке жеке куәліктің көшірмесі, жоғалған немесе бүлінген мүліктің тізбесін қоса отырыр, аудан әкімдіктеріне тапсырады. Содан соң, 15 күнтізбелік күн ішінде комиссия үй-үйді аралап, техникалық акт жасап, келтірілген залал шығынын бағалайды. Комиссия шешім қабылдап, қаржы бөлу мәселесін қарастырады. 30 күнтізбелік күн ішінде өтемақы төленеді. Ал мүлікті бағалау кезінде, келтірілген залал 80%-дан асатын болса, мүлік жойылды деп танылады. Жаңа үй салынады.   ➤ Екінші - біржолғы төлем. Бұл төлем төтенше жағдай жарияланған және жарияланбаған, су тасқынынан зардап шеккен әр отбасыға қарастырылған. Төлем көлемі Ақтөбе қаласы және Әйтеке би ауданында 300 мың теңге, қалған аудандарда - 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 369 200 теңгені құрайды. Біржолғы қаржыны алу үшін үй жағдайын қараған комиссия қорытындысы керек. Өтініш беруші сол қорытынды негізінде төтенше жағдай қызметінен анықтама алып, әрі қарай жұмыспен қамту орталығына жүгінуі қажет. Құжаттар 8 күн ішінде қаралса, 3 күн ішінде біржолғы төлем төленеді.   ➤ Үшінші - «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоғамдық қорының көмегі. Материалдық шығынды өтеу бойынша комиссия жұмыс істейді.   ➤ Төртінші - несиелік демалыс.   Су тасқынынан зардап шеккендердің несие төлемдері 3 айға кейінге автоматты түрде шегеріледі.

Какую помощь оказывают пострадавшим от паводка актюбинцам   ➤ Во-первых — идет работа по возмещению ущерба из-за порчи недвижимости и иного имущества (бытовая техника, мебель и т.д).   Данный вид компенсации могут получить жители территорий, на которых объявлен режим чрезвычайной ситуации - это Айтекебийский, Кобдинский, Мугалжарский, Уилский, Темирский районы и город Актобе. Чтобы получить компенсацию в течение 30 календарных дней в районные акиматы пострадавшие предоставляют копию удостоверения личности, список утраченного или поврежденного имущества. После в течение 15 календарных дней комиссия посетит каждый дом, составит технический акт и оценит ущерб. По итогам осмотра будет принято решение о выделении финансовых средств. Компенсация будет выплачена в течение 30 календарных дней. При оценке недвижимости, если ущерб превышает 80%, недвижимость признается уничтоженной. Взамен  будет построен новый дом. ➤ Во-вторых, пострадавшие могут получить единовременный социальный платеж. Данная выплата предназначена для каждой семьи, пострадавшей от паводка. Размер выплаты составляет 300 тысяч тенге по городу Актобе и по Айтекебийскому району, в остальных районах – 100 месячных расчетных показателей, то есть 369 200 тенге. Для получения единовременной выплаты необходимо заключение комиссии, проверявшей состояние дома. На основании этого заключения заявителю необходимо получить справку из департамента ЧС, а затем обратиться в отдел занятости и социальных программ. На рассмотрение документов отводится 8 дней. Единовременная выплата будет произведена в течение 3 дней.   ➤ В-третьих - помощь общественного фонда «Қамқор-Ақтөбе 2024». Для определения размера материального ущерба создана комиссия.   ➤ В-четвертых, предоставляется отсрочка платежей по кредитным займам. Выплаты по кредитам пострадавшим от наводнения будут автоматически отсрочены на 3 месяца.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 130
Категория: 
�����