Жас жігіт алты күн бойы 52 жастағы ақтөбеліктен пәтер жалдап тұрған, бұл ретте оны бірнеше рет жалған ақша аударымдарымен алдап кеткен.
Қаскүнем смартфондағы қосымшаның көмегімен алушының аты-жөні мен төлем сомасын көрсетіп, төлем чегін қолдан жасаған. Әйел ақша туралы хабарлама кейінірек келеді деп үміттенген. Бірақ ешқандай ақша түскен жоқ. Шығын сомасы 78 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы күдікті анықталды. Күдікті кінәсін мойындады. ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды және алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмауды сұрайды.
Сонымен қатар, пәтер иелері жалдайтын адамдарға тапсыру кезінде қырағы болуға кеңес береміз. Қонақтардың төлқұжат мәліметтерін сақтауды ұмытпаңыз және күдікті әрекеттер болған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.
Молодой человек на протяжении 6 дней снимал квартиру у 52 –летней актюбинки, при этом неоднократно обманывал её поддельным переводам об оплате.
Злоумышленник с помощью приложения на смартфоне подделывал чек оплаты: вбивая имя получателя и сумму оплаты. Женщина, обманывалась глядя в его смартфон, рассчитывая, что уведомление о поступлении денежных средств поступит позже. Но никаких денег так и не поступило. Сумма ущерба составила 78 000 тенге.
В ходе оперативно-розыскных мероприятий был установлен подозреваемый, которого удалось задержать. Им оказался имеющий судимость 20 -летний местный житель. Парень во всем признался.
По данному факту проводится досудебное расследование по ст. 190 ч.1 УК РК «Мошенничество».
Санкция данной статьи предусматривает штраф в размере до одной тысячи месячных расчетных показателей либо исправительные работы в том же размере, либо привлечение к общественным работам на срок до шестисот часов, либо ограничением свободы на срок до двух лет, либо лишение свободы на тот же срок, с конфискацией имущества.
Департамент полиции Актюбинской области просит граждан быть бдительными и не поддаваться на уловки мошенников.
Помимо этого, настоятельно рекомендуем лиц, сдающих квартиры внаем быть бдительными при сдаче квартиры постояльцам. Обязательно сохранять паспортные данные постояльцев и в случаях подозрительных действий незамедлительно обращаться в полицию.
е-УД-221512031000406