KGIR-2024: актюбинская делегация провела встречу с инвесторами

KGIR-2024: ақтөбелік делегация бірқатар инвестормен кездесу өткізді Астанада Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) өтіп, оған 500-ден астам делегат, оның ішінде халықаралық компаниялар мен сарапшылардың өкілдері қатысты. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекшілігімен өткен шарада негізгі инвестициялық трендтер және олардың халықаралық стратегияларға әсері талқыланды. Өңірлерді индустриялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.  KGIR-2024 аясында Ақтөбе облысында техникалық метанол өндіру зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру үшін Ақтөбе облысының әкімдігі мен «МКС Восток» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жаңа жоба жергілікті метанол өндірісін дамытуға мүмкіндік беріп, өңірдің импортты алмастыруына және экономикалық әлеуетін нығайтуына ықпал етеді.  Сондай-ақ, іс-шара барысында Үкімет басшысы өңірлік экономиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін үздік инвесторларға марапаттар табыс етті. Ақтөбе облысының құрылыс индустриясына қосқан үлесі үшін «Зерде Керамика» ЖШС компаниясы атап өтілді. KGIR-2024 аясында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Әбдікәрімов АҚШ, Испания, Иран бизнес өкілдерімен, сондай-ақ электротехникалық машина жасау, құрылыс индустриясы, автомобиль жасау және т.б. салалардағы қазақстандық және халықаралық өндірушілермен бірқатар кездесу өткізді.  «KGIR-2024» тәжірибе алмасу және өсу, инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылау бағытындағы бірегей платформа болды.

KGIR-2024: актюбинская делегация провела встречу с инвесторами В столице Казахстана состоялся Казахстанский круглый стол по глобальныминвестициям (KGIR-2024), собравший более 500 делегатов из различных стран, включая представителей международных компаний и экспертов. На мероприятии, возглавляемом Премьер-министром РК Олжасом Бектеновым, обсуждались ключевые инвестиционные тренды и их влияние на международные стратегии.  Особое внимание было уделено вопросам индустриального развития регионов. В рамках KGIR-2024 состоялось подписание Меморандума о сотрудничестве между акиматом Актюбинской области и ТОО «МКС Восток» для реализации проекта по строительству завода по производству технического метанола в Актюбинской области. Новый проект позволит развить местное производство метанола, что будет способствовать импортозамещению и укреплению экономического потенциала региона.  Также в ходе мероприятия Премьер-министр РК вручил награды лучшим инвесторам за значительный вклад в развитие региональной экономики. В частности, компания ТОО «Зерде Керамика» была отмечена за вклад в строительную индустрию Актюбинской области. В рамках KGIR-2024 заместитель акима Актюбинской области Абдикаримов А.А. провел ряд встреч с представителями бизнеса из США, Испании, Ирана, а также с казахстанскими и международными производителями в сферах электротехнического машиностроения, стройиндустрии, автомобилестроения и др. Эти переговоры направлены на укрепление деловых связей и содействие дальнейшему экономическому развитию региона.  «KGIR-2024» стал уникальной платформой для обмена опытом и обсуждения новых возможностей для роста и инвестиционного сотрудничества.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 136
Категория: 
�����