Команда «Актобе» впервые выиграла Кубок Казахстана по волейболу

Волейбол: «Ақтөбе» алғаш рет Қазақстан кубогын жеңіп алды  Ақтөбе қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогы ойындары аяқталды. Финалда алаң иелері мен Оралдың «Жайығы» алтын жүлдені сарапқа салды. Оралдық клуб «Конденсат» болып аталған кезде Қазақстан кубогын екі рет жеңіп алса, Ұлттық лигаға өткен жылы қосылған ақтөбеліктер мұндай табысқа қол жеткізбеген еді. «Жайықтың» бас бапкері Виктор Козиктің Қазақстан ұлттық құрамасын қоса жаттықтыратыны белгілі. Ал «Ақтөбенің» тізгінін қолына алған Сергей Трикоздың бастауымен Қазақстан жастар құрамасы биылғы Азия чемпионатында бесінші орын алып, алғаш рет 2025 жылғы әлем біріншілігіне жолдама алды.  С.Трикоз соңғы шешуші бәсекеде Айбат Неталин, Дамир Әкімов, Роман Хандролин, Қадырхан Надырханов сияқты тәжірибелі ойыншыларға сенім артса, «Жайық» сапында бүгінгі ойында Орал волейболының түлектері Айдын Әділбеков, Евгений Гоф та қосылды.  Алғашқы екі партияда ақтөбеліктер 25:21, 25:22 есебімен басым түссе, үшіншісінде оралдықтар есепті қысқартты – 25:23. Алайда төртінші сетте «Ақтөбе» жеңіс нүктесін қойды – 25:18. Жалпы есеп – 3:1.  Осылайша, «Ақтөбе» клубы өз тарихында алғаш рет ел кубогына ие болды. Қола жүлдені «Павлодар» командасын 3:1 (25:17, 19:25, 25:21, 25:18) есебімен тізе бүктірген «Жетісу» (Талдықорған) жеңіп алды.

Команда «Актобе» впервые выиграла Кубок Казахстана по волейболу    В Актобе завершились игры Кубка Казахстана между мужскими сборными по волейболу.   В финале за золото боролись хозяева поля и уральский «Жайык».   Уральский клуб в бытность называвшийся «Конденсат», уже дважды выигрывал Кубок Казахстана, актюбинская же команда, вошедшая в Национальную лигу в прошлом году, таких успехов не добилась.   Известно, что главный тренер «Жайыка» Виктор Козик также тренирует национальную сборную Казахстана. А под руководством Сергея Трикоза, взявшего бразды правления над «Актобе», молодежная сборная Казахстана заняла пятое место на чемпионате Азии в этом году и впервые квалифицировалась на чемпионат мира 2025 года.   С. Трикоз в последнем решающем поединке сделал ставку на таких опытных игроков, как Айбат Неталин, Дамир Акимов, Роман Хандролин, Кадырхан Надырханов, а в сегодняшней игре к «Жайыку» присоединились воспитанники Уральской сборной по волейболу Айдын Адильбеков, Евгений Гоф.   В первых двух играх актюбинцы вели счет: 25:21, 25:22, а в третьей уральцы сократили счет - 25:23. Однако в четвертом сете «Актобе» окончательно постановил точку в игре – 25:18. Общий счет 3:1.   Таким образом, клуб «Актобе» впервые в своей истории выиграл национальный кубок.   Бронзовую медаль завоевал «Жетысу» (Талдыкорган), разгромивший команду «Павлодар» со счетом 3:1 (25:17, 19:25, 25:21, 25:18).

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 138
Категория: 
�����