Летний отдых в этом году будет организован для более чем 156 тысяч детей

Биыл 156 мыңнан астам балаға жазғы демалыс ұйымдастырылады  Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен биылсу тасқынынан зардап шеккен Ойыл ауданының 5-11 сыныптарында оқитын 161, Ырғыз ауданының да 5-11 сыныптарында оқитын 1135 оқушысы аралық емтиханнан және қорытынды аттестаттаудан босатылады. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан айтып берді. Оның айтуынша, облыстағы мектептерде биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 24 мамырда барлық мектепте 1-10-сынып оқушыларына «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтеді. Ал 25 мамырда мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылады.  

«Биыл облыс бойынша 11-сыныпты 9236 түлек бітіреді. Аттестатты салтанатты түрде табыстау 12-15 маусым аралығында өтеді. Су тасқыны жағдайына байланысты екі ауданның түлектері қорытынды аттестаттаудан босатылады. Сондай-ақ биыл облыс бойынша 156 743 балаға жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жазғы маусымда 8 сауықтыру орталығы, 673 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Қазіргі таңда қала сыртындағы лагерьлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,— деді Ж.Сұлтан.    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024-2027 жылдары республика бойынша балаларға арналған 50 сауықтыру орталығын ашу жоспарлануда. Бұл орайда өңірімізде 3 лагерь ашу міндеті қойылған. Биыл Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылында «Әлия» маусымдық лагері ашылып отыр. Алдағы уақытта тағы екі лагерь құрылысын жүргізуге жер телімдері бөлінбек.  

«Биыл су тасқыны болған аудандарда тұратын оқушыларға жан-жақты қолдау көрсету, олардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру басты назарда болуы керек. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың демалуына жағдай жасап, олардың қауіпсіздігін бақылауға алуымыз қажет. Бұл орайда жауапкершілік сіздерге жүктеледі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруда олқылықтар болмауы тиіс»,—  деді облыс әкімі білім басқармасы басшысына.    Айта кету керек, аталған жиында сондай-ақ облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев биылғы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Летний отдых в этом году будет организован для более чем 156 тысяч детей  При поддержке Министерства просвещения в этом году от промежуточного экзамена и итоговой аттестации будут освобождены 161 учащийся 5-11 классов Уилского и 1135 учащихся Иргизского районов, пострадавших от паводка. Об этом на совещании под председательством акима области Асхата Шахарова рассказал руководитель областного управления образования Жайык Султан. По его словам, в школах области этот учебный год завершится 25 мая. 24 мая во всех школах пройдут классные часы для учащихся 1-10 классов на тему «Білімім — Отаныма». А 25 мая состоится торжественная линейка «Мектебім, саған мың алғыс!» длявыпускников школ.

«В этом году по области выпускаются 9236 одиннадцатиклассников. Торжественное вручение аттестата пройдет с 12 по 15 июня. В связи с паводковой ситуацией выпускники двух районов освобождаются от итоговой аттестации. Также в этом году по области планируется организовать летний отдых для 156 743 детей. В летний период функционируют 8 оздоровительных центров, 673 пришкольных лагеря. В настоящее время проводится текущий ремонт загородных лагерей»,- сказал Ж. Султан.  В соответствии с поручением Главы государства в 2024-2027 годах по республике планируется открыть 50 детских оздоровительных центров. В этой связи в регионе поставлена задача открыть 3 лагеря. В этом году в селе Егиндыбулак Кобдинского района открылся сезонный лагерь «Алия». В дальнейшем будут выделены земельные участки для строительства еще двух лагерей.  

«В этом году больше внимания нужно уделить учащимся, проживающим в районах, пострадавших от паводка. Организация их летнего отдыха должна быть на высоком уровне. Также необходимо создать условия для отдыха детей с ограниченными возможностями и взять под контроль их безопасность. При этом ответственность лежит на вас. Поэтому не должно быть пробелов в организации работы в этом направлении»,- сказал аким области руководителю управления образования.    Стоит отметить, что также с докладом о проделанной работе за I квартал текущего года выступил руководитель областного управления по развитию языков Амангельды Конакбаев.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 196
Категория: 
�����