Ақтөбе полицейлері шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қатысты алаяқтықты ашты
Ақтөбе тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Күдікті шетелдік көліктерді заңдастыруда қиындықтарға тап болған тұрғындарды алдаған.
Қазіргі таңда бес жәбірленуші анықталды, бірақ тергеу органдары күдікті әйелдің азаматтарды алдаудың басқа жағдайларына қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
34 жастағы әйел көліктерін заңдастыруда қиындықтарға тап болған шетелдік автокөлік иелеріне өз қызметін ұсынған. Ол өзінің таныстары бар екенін және бұл мәселені шеше алатынын айтқан. Әрбір жәбірленушіден күдікті 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша алған. Шындығында, ол ақшаны өз пайдасына жұмсаған.
Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция оны басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.
Полиция департаменті азаматтарды алданып қалмау үшін тиісті қызметтерді мамандандырылған мемлекеттік мекемелерден ғана алуға шақырады.
Мошенничество с легализацией иностранных авто раскрыла полиция Актобе
Жительницу Актобе задержали по подозрению в мошенничестве. Подозреваемая обманывала жителей, у которых возникли проблемы с легализацией иностранных автомобилей.
Сейчас известно о пятерых потерпевших, но следствие допускает, что женщина может быть причастна и к другим случаям обмана граждан.
34-летняя женщина предлагала свои услуги водителям, у которых были трудности с легализацией иностранных авто. Она утверждала, что располагает солидными связями и может решить этот вопрос в обмен на круглую сумму. С каждого потерпевшего подозреваемая брала от 300 тысяч до 1 млн тенге. На самом деле она просто присваивала деньги.
Задержанная дала признательные показания.
В отношении подозреваемой проводится досудебное расследование по ст. 190 ч.3 УК РК. Полиция проверяет ее на причастность к другим аналогичным преступлениям.
Департамент полиции призывает граждан, чтобы не попасться на обман получать услуги в специализированных государственных учреждениях.