Мошенники обманули пенсионерку

Қантар айының басында зейнеткер несие алғысы келіп, "Инстаграм" парақшасында "Алмаз несие" аккаунтына тап болған. Парақша әкімшісі оған аз пайызбен несие беретіндігін айтқан. Біраз уақыттан кейін зейнеткердің телефонына Светлана есімді қыз қоңырау шалып, ең төменгі несие 300 мың теңгеден берілетінін және 25 000 теңге сомасында сақтандыру төлемін төлеу керек екенін, содан кейін төлем қабілеттілігі үшін 50 000 теңге талап етілгенін айтқан. Жәбірленуші барлық шарттарды орындап, ақшаны алаяқ көрсеткен шотқа аударған.
Ақша аударғаннан кейін, алаяқтар байланысқа түсуді тоқтатқан, сонда зейнеткер алаяқтардың алдауына тап болғанын түсінген.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары, сақ болыңыз! Өзіңізге және отбасыңызға, әсіресе егде жастағы ата-аналарға қатысты алдаудың алдын алыңыз!

В начале января т.г. пенсионерка желая взять кредит натолкнулась в «Инстаграмм» на аккаунт «Алмаз кредит». Администратор страницы обещала выдать кредит под небольшие проценты. Через время на телефон пенсионерки позвонила девушка представилась Светланой и сказала, что минимальный кредит выдается с 300 тысяч тенге и нужно оплатить страховку в сумме в сумме 25 000 тенге, после за платежеспособность потребовали 50 000 тенге. Потерпевшая выполнила все условия и перевела деньги на указанный мошенницей счет.
​После перевода денег злоумышленники перестали выходить на связь тут пенсионерка поняла, что попалась на уловки мошенников.
По данному факту начато досудебное расследование по ст.190 УК РК «Мошенничество». Проводятся мероприятия, направленные на установление и задержание подозреваемого лица.
Уважаемые жители Актюбинской области, будьте бдительны! Не допустите совершения обмана в отношении себя и своей семьи, особенно в отношении пожилых родителей!

Источник.https://www.instagram.com/p/CnepO9Kr1an/?hl=ru

Просмотров: 161
Категория: 
�����