МВД пресекло деятельность транснациональной организованной преступной группы в сфере порноиндустрии

Департаментом по борьбе с организованной преступностью МВД во взаимодействии с КНБ при координации прокуратуры пресечена противоправная деятельность транснациональной преступной группы, в которую входили граждане Казахстана и ближнего зарубежья. Под прикрытием модельного агентства они занимались незаконным изготовлением и распространением порнографических материалов. Так, члены преступной группы на протяжении длительного времени через социальные сети вербовали молодых казахстанок в возрасте от 18 до 25 лет, обещая ежемесячную оплату до 2 млн тенге и конфиденциальность. В случае отказа девушек продолжать данную деятельность преступники применяли психологическое давление, шантаж и денежные штрафы. В самой группе имелись организаторы, руководители, вербовщики, администраторы, IT-специалисты и бухгалтеры, между которыми были распределены конкретные роли. Установленный оборот денежных средств преступной группы за последние пять лет превысил 3 млрд тенге. Сотрудниками полиции в городах Астана, Алматы, Шымкент, Актобе и Караганда установлено 79 офисов и квартир, обрудованных для организации онлайн-трансляции видео девушек интимного характера в круглосуточном режиме. В ходе спецоперации в названных городах одновременно проведено 138 обысковых мероприятий, изъято свыше 80 единиц компьютерного оборудования, около одного килограмма наркотических средств и более 69 тысяч долларов США. – Всего в полицию доставлено 118 лиц, из которых водворены в изолятор временного содержания 13 основных организаторов преступной группы, в том числе трое иностранных граждан. В настоящее время Следственным департаментом МВД проводится досудебное расследование по факту создания, руководства и участия в транснациональной преступной группе. Организатором и основным участникам преступной группы грозит наказание в виде лишения свободы сроком до 20 лет с конфискацией имущества, – сообщил начальник управления ДБОП МВД Куандык Алпыс.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамына Қазақстанның және жақын шет елдердің азаматтары кірген трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті. Модельдік агенттіктің атын жамылып, олар порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан. Мәселен, қылмыстық топтың мүшелері ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желі арқылы 2 млн теңгеге дейін ай сайынғы төлемді уәде етіп, 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздарды тартқан. Қыздар аталған қызметтен бас тартқан жағдайда қылмыскерлер оларға психологиялық қысым көрсетіп, айыппұл салған. Топтың ішінде нақты рөлдері белгіленген ұйымдастырушылар, басшылар, азғырып көндірушілер, әкімшілер, IT-мамандар мен бухгалтерлер болған. Анықталғандай, қылмыстық топтың қаражат айналымы соңғы бес жылда 3 млрд теңгеден асады. Полиция қызметкерлері Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтер анықтады. Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір килограмм есірткі құралы және 69 мыңнан астам АҚШ доллары тәркіленді. – Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, оның ішінде үш шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ІІМ тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қылмыстық топтың негізгі мүшелеріне мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Источник. https://polisia.kz/iim-pornoindustriya-salasyndaghy-transulttyq-ujymdasq...

Просмотров: 148
Категория: 
�����