На 700 тысяч тенге приоделся актюбинец,  с утерянной карты сельчанина

Ақтөбелік өзгенің картасын тауып, 700 мың теңгеден асыра сауда жасаған

Қазан айының соңында Хромтау ауданының  30 жастағы ауыл тұрғыны Ақтөбе қаласы Теміржол вокзалы ауданында өзінің банк картасын жоғалтқан. Картаның ішінде ірі көлемдегі қаражат болған. Алайда, жігіт өзінің қартасының жоғалғанын бірден байқамағандықтан, оны бұғаттамаған. Бұл ретте, оның телефонына банк қосымшасы орнатылмаған.

Екі күннің ішінде белгісіз тұлға карта арқылы Ақтөбе қаласындағы  бірнеше ерлер киім дүкендерінен  700 мың теңгеден астам сомаға  төлем жасаған.

Бұл факті туралы жәбірленуші 4 қарашада Ақтөбе қаласының полиция бөліміне арызданды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында өзгенің есебінен ірі сауда жасаған күдікті анықталып, ұсталды. Ол 27 жастағы   ақтөбелік жұмыссыз жігіт болып шықты.  Күдікті кінәсін мойындады. Картаны тауып алғаннан кейін ол бірден сауда үйлерінің біріне барып, өзіне күрте сатып алған және картада  ақша бар екендігіне көз жеткізгеннен кейін саудасын екі күн бойы жалғастырған. Бұл ретте, күдікті төлем картасының кодын білмегендіктен, сатушылармен келісе отырып, төлемді  картадан 10 мың теңгеден бірнеше рет шешіп алдыру арқылы төлеп отырған. Екі күннен кейін картада ақша таусылғанына көз жеткізгеннен кейін жігіт оны лақтырып тастаған.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.   

       

На 700 тысяч тенге приоделся актюбинец,  с утерянной карты сельчанина

В конце октября 30-летний житель села Хромтауского района находясь в городе Актобе, потерял свою банковскую карту в районе железнодорожного вокзала. На счету была значительная сумма денежных средств. Сразу заблокировать свою карту мужчина не смог, так как пропажу заметил не сразу. Банковского приложения в телефоне сельчанина тоже не было.

В тот же день неизвестным лицом с данной карты была произведена оплата товаров в нескольких магазинах мужской одежды в г.Актобе. Так, за  два дня на покупку одежды с чужой карты незнакомец  потратил более 700 тысяч тенге.

4 ноября о факте пропажи банковской карты потерпевший обратился в городской отдел полиции УП г. Актобе. Сотрудниками полиции в ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий  подозреваемый,  совершивший шопинг за чужой счет был установлен и задержан.Им оказался 27-летний актюбинец.  Подозреваемый свою вину признал. Выяснилось, он нашел карту и сразу пошел в торговый дом за покупками.  Сначала актюбинец купил себе куртку за 40 тысяч тенге и убедившись в наличии денег на карте,  продолжил покупки в течение двух дней. При этом он уговорил продавцов снимать оплаты с карты по 10 тысяч тенге несколькими платежами, так как не знал ее кода. После двух дней активного шопинга, когда  на карте закончились средства, молодой человек ее выбросил.

По данному факту возбуждено уголовное дело по ч.2 ст.188 Уголовного кодекса Республики Казахстан, ведется досудебное расследование.

Просмотров: 174
Категория: 
�����