На аппаратном совещании под председательством акима области Асхата Шахарова был рассмотрен вопрос продвижения несырьевого экспорта

 

Шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселесі талқыланды   Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселесі қаралды.   Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Асқар Әбішевтің айтуынша, бүгінде өңірде экспорттық әлеуетті арттыруға бағдарланған 70-тен астам орта және ірі кәсіпорын бар. Статистикалық деректерге сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы экспорты 2,7 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде шикізаттық емес өнімнің тауар айналымы — 1,3 млрд АҚШ доллары.    Бүгінде экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылатын негізгі елдер — Қытай, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания және ТМД елдері. Өңірдің шикізаттық емес экспортында айтарлықтай көлемді өңірдің 4 жетекші кәсіпорны алады. Олардың қатарында «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе май экстракциялау зауыты» және «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.  

«Біз экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау мақсатында тұрақты негізде «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» ұлттық компанияларымен бірлесіп, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Мәселен, ақпараттық-түсіндіру семинарларын өткізіп, шетелден сауда серіктестерін іздестіру жұмыстары жүргізудеміз»,— деді басқарма басшысы.   Оның айтуынша, қазіргі таңда «Kazakh Export» АҚ-дан «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты», «Максимус», «Геом», «Арт Трейд ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сақтандыру қолдауын алған. Бүгінде өңірдегі компаниялар Экспорттық акселерация бағдарламасына белсенді түрде қатысуда. Мәселен, өткен жылы акселерация бағдарламасынан облыстағы 6 компания өткен. Ал «QazTrade» желісі бойынша «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты», «Вибро Мастер Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жалпы мөлшері 11,9 млн теңгеге өңделген тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға жұмсалған шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдауға ие болған.    Жиында өңір басшысы Асхат Шахаров облыстың экспорттаушы кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау шараларымен кеңінен қамту үшін тиісті шараларды атқару қажеттігін жеткізіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.  

«Облыста инвестиция көлемі триллион теңгеге шыққанымен, тікелей инвестиция көрсеткіші аздау болып тұр. Өңірде жаңа өндіріс орындарын ашу, отандық өнімді көбейту мәселесі өте өзекті. Бұл бағытта министрліктермен тиісті байланыс орнатуымыз керек. Жалпы, жұмыс қарқыны жаман емес. Жаңа келіссөздер жүргізіп, ниет білдірген инвесторларды өңірге тарту маңызды»,— деді облыс әкімі.

Рассмотрен вопрос продвижения несырьевого экспорта   На аппаратном совещании под председательством акима области Асхата Шахарова был рассмотрен вопрос продвижения несырьевого экспорта.   По словам руководителя областного управления индустриально-инновационного развития Аскара Абишева, сегодня в регионе насчитывается более 70 крупных и средних предприятий, ориентированных на наращивание экспортного потенциала. Согласно статистическим данным, по итогам 2023 года общий экспорт области составил 2,7 млрд долларов США. Из них товарооборот несырьевой продукции — 1,3 млрд долларов США.    Сегодня в списке стран-экспортеров числятся Китай, Япония, США, Великобритания и страны СНГ. Значительный объем несырьевого экспорта региона приходится на 4 ведущих предприятия региона. В их числе Актюбинский завод ферросплавов - филиал АО «ТНК «Казхром», АО «Актюбинский завод хромовых соединений», ТОО «Актюбинский маслоэкстракционный завод» и ТОО «Актюбинский рельсобалочный завод».  

«В целях поддержки предприятий-экспортеров мы на постоянной основе организуем ряд мероприятий совместно с национальными компаниями АО «Экспортная страховая компания» Kazakh Export» и «Центр развития торговой политики» QazTrade». Проводим информационно-разъяснительные семинары, поиск торговых партнеров из зарубежа»,- сообщил руководитель управления.   По его словам, в настоящее время страховую поддержку от АО «ЭСК «Kazakh Export» получили ТОО «Ново-Альджанский мелькомбинат», «Максимус», «Геом», «Арт Трейд ЛТД». Сегодня компании региона активно участвуют в Программе экспортной акселерации. Так, в прошлом году программу акселерации прошли 6 компаний области. По линии «QazTrade» ТОО «Ново-Альджанский мелькомбинат», «Вибро Мастер Казахстан» получили государственную поддержку в виде возмещения затрат на экспорт обработанных товаров на общую сумму 11,9 млн тенге.    На совещании глава региона Асхат Шахаров отметил необходимость принятия соответствующих мер для широкого охвата предпринимателей-экспортеров области мерами государственной поддержки и дал конкретные поручения руководителю управления индустриально-инновационного развития.  

«Несмотря на то, что объем инвестиций в области составил триллион тенге, показатель прямых инвестиций остается низким. В регионе остро стоит вопрос создания новых производств, наращивания отечественной продукции. В этом направлении мы должны наладить контакты с министерствами. В целом, темпы работы неплохие. Важно провести новые переговоры и привлечь в регион всех желающих инвесторов»,— сказал аким области.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 197
Категория: 
�����