Су тасқыны: Ақтөбе облысында залалды өтеу және қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінді Ақтөбе өңірінде орын алған табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты су тасқынынан келтірілген залалдарды өтеу және қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 10 млрд.теңге қаражат бөлінеді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатов мәлімдеді. ➤ Сондай-ақ, Әйтеке би, Қобда және Ойыл ауданындағы төтенше жағдай салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 877 отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына берілетін қаржы 316,0 млн.теңгені құрайды. ➤ Қалған аудандар бойынша мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек аудандардың ішкі резервтері есебінен көрсетіледі. Жалпы облыс бойынша 2 800 отбасыға 1,0 млрд.теңге көлемінде қаражат бағытталып отыр. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева қатысты. Өңір басшысы су тасқынының салдарын жою – күн тәртібіндегі басты мәселе екенін алға тартты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына қаржылай өтемақы төленеді. Қазір облыста тұрғындардың келтірген шығынын есептеп, өтемақы төлеуге өтініштерді қабылдайтын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Су тасқынының салдарын жоюға да барлық күш жұмылдырылған. Облыстағы барша жанашыр азаматтар жұмылып, бір-біріне көмек қолын созып жатыр. Су тасқыны жағдайы бірте-бірте тұрақтануда, біз барлығын қалыпқа келтіреміз. Алдағы уақытта жолдар, көпірлер жөнделеді, ауыл тұрғындарының баспаналы болуына барлық жағдай жасалады»,— деді Асхат Шахаров.
На ликвидацию последствий паводка в Актюбинской области выделена крупная сумма денег На возмещение ущерба и восстановительные работы после паводка из местного бюджета будет выделено 10 млрд. тенге. Об этом сообщил руководитель управления экономики и бюджетного планирования области Нуржан Максатов на внеочередной двенадцатой сессии областного маслихата. ➤ Также социальная помощь в размере 100 месячных расчетных показателей будет оказана 877 семьям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации из-за ЧС в Айтекебийском, Кобдинском и Уилском районах. На эти цели областному управлению координации занятости и соцпрограмм выделят 316 млн. тенге. ➤ В остальных районах социальная помощь малообеспеченным семьям оказывается за счет районных бюджетов. В целом по области для 2800 семей предусмотрели средства в размере 1,0 млрд. тенге. Во внеочередной сессии областного маслихата приняли участие аким области Асхат Шахаров, председатель областного маслихата Гулкасима Суентаева. Глава региона подчеркнул, что ликвидация последствий наводнения является главным вопросом повестки дня.
«Согласно поручению Главы государства, всем пострадавшим от наводнения будет выплачена финансовая компенсация. Сейчас в регионе работает специальная комиссия, которая подсчитывает нанесенный жителям ущерб и принимает заявки на компенсацию. Приложены все усилия для ликвидации последствий наводнения. Все неравнодушные жители региона мобилизованы и помогают друг другу. Паводковая ситуация постепенно стабилизируется, и в скором времени все вернется на круги своя. В ближайшее время будут отремонтированы дороги и мосты, будут созданы все условия для проживания сельчан»,- сказал Асхат Шахаров.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi