На ликвидацию последствий паводка в Актюбинской области выделено 66,2 млрд тенге

Ақтөбе облысында су тасқыны салдарын жоюға 66,2 млрд теңге бөлінді Жергілікті бюджет және демеушілік есебінен қарастырылып отырған қаржының 38,8 млрд теңгесі зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеп, қалпына келтіруге жұмсалып жатыр. Бұл туралы өңір басшысы Асхат Шахаров облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясында мәлімдеді.  Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғи апаттың зардабын жоюға, жапа шеккен ақтөбеліктерді жан-жақты қолдауға бағытталған бірқатар іс-шара жүзеге асырылған. Бүгінгі таңда су басқан 4 мың үйдің үш мыңға жуығы жөнделді. Ал апатты деп танылған үйлердің орнына жаңа 511 баспана бой көтеруде. Облыс басшысы қалған 503 отбасыға пәтерлер сатып алынатынын, ал тұруға жарамды тұрғын үйлер жөнделіп жатқанын алға тартты. Қазіргі уақытта 406 отбасы жаңа қоныстарына көшті.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жедел жұмыстар басталды. Жергілікті бюджеттен және демеушілік есебінен 66,2 млрд теңге қарастырылды. Тұрғын үйлерден басқа материалдық залал өтемақысын 3,5 мыңға отбасыға өтеу үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 4,5 мыңға жуық отбасыға 369 мың теңге құрайтынбіржолғы төлемдер берілді»,- деді Асхат Шахаров өз сөзінде.

На ликвидацию последствий паводка в Актюбинской области выделено 66,2 млрд тенге   На ремонт и восстановление поврежденных домов направлено 38,8 млрд тенге из предусмотренных бюджетных средств и спонсорской помощи. Об этом сообщил глава региона Асхат Шахаров на очередной четырнадцатой сессии областного маслихата.    В соответствии с поручениями Главы государства в Актюбинской области реализован ряд мероприятий, направленных на ликвидацию последствий стихийного бедствия и оказание всесторонней поддержки пострадавшим жителям региона. На сегодняшний день из 4 тысяч поврежденных домов отремонтировано около 3 тысяч. А взамен аварийных строят новые 511 домов. Глава региона подчеркнул, что для оставшихся 503 семей будут приобретены квартиры, продолжается ремонт жилых домов. В настоящее время 406 семей переехали в свои новые дома.

«По поручению Главы государства проводятся работы по восстановлению жилья и инфраструктуры, пострадавших от паводка. На эти цели из местного бюджета и за счет спонсорской помощи предусмотрено 66,2 млрд. тенге. Помимо жилищного вопроса, на выплату компенсаций за материальный ущерб 3,5 тысячам семей из местного бюджета выделено 1,2 млрд. тенге. Кроме того, единовременные выплаты в размере 369 тысяч тенге получили около 4,5 тысяч семей»,- отметил в своем выступлении Асхат Шахаров.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 161
Категория: 
�����