Ағымдағы жылдың 14 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін Ақтөбе облысы аумағында "Учаске"жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсаты - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, қылмыстардың жолын кесу және халықпен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.
Шараның екі күнінің ішінде учаскелік полиция инспекторлары жалдамалы пәтерлерді тексеруді жүзеге асырып, салық органдарында тіркеусіз жалға берілген 21 пәтерді анықтады. Барлық фактілер бойынша салық басқармасына хабарламалар жолданды. Базарлар және басқа да сауда орындары тексерілді. Тұрғылықты жері жоқ екі адам ұсталды.
Барлығы 271-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде жүргені үшін - 91 және ұсақ бұзақылық үшін – 42. ІІО есебінде тұрған 700-ден астам адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Сонымен қатар, қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 8 қару иесі жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан бір қару алынды.
С 14 августа по 30 сентября текущего года на территории Актюбинской области проводится оперативно-профилактической мероприятие «Участок».
Цель ОПМ – улучшение оперативной обстановки, обеспечение общественного порядка, выявление административных правонарушений, пресечение преступлений и установления тесных доверительных отношений с населением.
Так, за два дня участковыми инспекторами полиции осуществлена проверка съемных квартир, выявлено 21 квартиры, сдающихся без регистрации в налоговых органах. По всем фактам направлены уведомления в налоговое управление. Проверено рынки и иные места торговли. Задержаны двое лиц без определенного места жительства.
Всего к административной ответственности привлечено свыше 271 правонарушителей, в т.ч. за распитие спиртных напитков в общественных местах и появление в пьяном виде 91 и за мелкое хулиганство – 42.
Проверено более семисот лиц по месту жительства, состоящих на учете в ОВД.
Кроме того, за нарушение правил хранения оружия привлечено 8 граждан, имеющих огнестрельное оружие. Из незаконного оборота изъята одна единица оружия.