Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылғы 25 сәуір мен 20 мамыр аралығында Республикалық маңызы бар "Назар аударыңыз, балалар!"акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты - балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу.
Іс-шараны өткізу кезеңінде патрульдік полиция жасақтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу орындарына жақын орналасқан. Бұл ретте қоғамдық тәртіпті сақтауға және балалардың жол-көлік жарақатының негізгі себептері болып табылатын жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесуге ерекше көңіл бөлінеді.
Тоғыз күннің нәтижесі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы 2200-ден астам бұзушылықтың, оның ішінде ЖҚЕ "өрескел" бұзушылықтардың жолын кесті, бұдан басқа кептеліс туындаған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту бойынша 66 дерек анықталды. Балаларды ұйымдасқан тасымалдауды жүзеге асыру кезінде талаптарды бұзғаны үшін 162 жүргізуші, ал ЖҚЕ бұзғаны үшін 161 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерді балалар мекемелеріне жақын жерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен, көлік аялдамаларынан және аулалардан өте мұқият болуға шақырады.
Құрметті жүргізушілер жас жаяу жүргіншілерге мұқият болыңыз! Есіңізде болсын, балалар – бұл жол қозғалысының ең осал қатысушылары. Әсіресе аулаларда және балалар мекемелерінің жанында абай болыңыз. Есіңізде болсын, егер автомобильде балалар болса, ересектер олар үшін жауап береді. Жолаушы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. 12 жасқа дейінгі балаларды балаларды ұстап тұратын құрылғыларды пайдалана отырып тасымалдаңыз, үлкендерін штаттық қауіпсіздік белбеуімен бекітіңіз. Тек қана балалар автокреслолары мен қауіпсіздік белдіктерін дұрыс және тұрақты қолдану ЖКО салдарының ауырлығын төмендетуге мүмкіндік береді.
На территории Актюбинской области с 25 апреля по 20 мая т.г. проводится акция республиканского значения «Внимание дети».
Акция проводится в целях профилактики детского дорожно-транспортного травматизма.
В период проведения мероприятия посты и маршруты патрулирования нарядов патрульной полиции приближены к учебным заведениям. При этом особое внимание уделяется охране общественного порядка и пресечению нарушений ПДД, являющихся основными причинами детского дорожно-транспортного травматизма.
По результатам девяти дней пресечено более 2200 нарушений в области безопасности дорожного движения, в том числе «грубых» нарушений ПДД помимо этого пресечено 66 фактов выезда на перекресток или пересечение проезжей части дороги в случае образовавшегося затора. За нарушение требований при осуществлении организованных перевозок детей привлечено к 162 водителя, а к административной ответственности за нарушение ПДД привлечены 161 пешеход.
Департамент полиции Актюбинской области призывает водителей быть предельно внимательными при движении вблизи детских учреждений, проезде нерегулируемых пешеходных переходов, остановок транспорта и во дворах.
Уважаемые водители будьте внимательны к юным пешеходам! Помните, дети самые непредсказуемые участники дорожного движения. Будьте особенно осторожны на дворовых территориях и вблизи детских учреждений. Помните, если в автомобиле дети, взрослые за них в ответе. Обеспечьте безопасность ребенка-пассажира. Перевозите детей до 12 лет с использованием детских удерживающих устройств, более старших – пристегивайте штатным ремнем безопасности. Только правильное и постоянное применение детских автокресел и ремней безопасности позволит снизить тяжесть последствий ДТП.