На территории Актюбинской области стражами порядка активно ведется работа по выявлению и привлечению к ответственности нарушителей

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Заң және тәртіп: полицейлер қоғамдық орындарды ластаушыларды жазаға тартуда

Қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде Ақтөбе облысының аумағында тәртіп сақшыларымен қоғамдық орындарды ластаушыларды анықтау мен жауапкершілікке тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Жыл басынан бері облыс аумағында ұсақ бұзақылық жасағандарға қатысты 2.800-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл ретте, қоғамдық орындарды ластау деректерінің басым көпшілігін полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады.
Қолданыстағы заңнамада (ҚР ӘҚБтК 434, 434-2-бабы) ұсақ бұзақылық жасаушыларға 5-тен 20 АЕК-ге дейінгі айыппұл салу немесе 5 тәуліктен бастап 30 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Бұл ретте, қоғамдық орындарды түкіру мен темекі немесе шемішкі қалдықтарын т.б. тастау арқылы ластағандар да жазасын қалмайды. Оларға алғашқыда 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бiр жыл iшiнде қайталап жасалса, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерін айыппұл салынады.
«Мемлекет басшысы өз сөзінде әлемді шынымен өзгерткіміз келсе, өзгерісті қарапайым нәрседен бастау керек екенін атап көрсетіп, отбасында береке болуды ойлауға, айналаны ретке келтіруге, қоғамдық орында әдеп сақтауға шақырды. Бүгінде полиция қызметкерлерімен қабылданып жатқан бұл шаралар қоғамда ұсақ бұзушылықтарға жол бермеу мен мойынсұнбауға бағытталған маңызды қадам. Себебі қоршаған ортаны сыйламау мен мәдениетсіздік танытушылық үшін жазасыздықты сезіну - қоғамдық санаға кері әсер етіп, одан да үлкен бұзушылықтарға әкелуі мүмкін» - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

Закон и порядок: Полицейские штрафуют за загрязнение общественных мест
На основе принципа «нулевой терпимости» к мелким правонарушениям, на территории Актюбинской области стражами порядка активно ведется работа по выявлению и привлечению к ответственности нарушителей, загрязняющих места общего пользования. Ведь атмосфера нетерпимости к мелким правонарушениям является важным шагом в укреплении общественной безопасности.
За мелкое хулиганство (ст.434, 434-2 КоАП РК) действующим законодательством предусмотрено наказание в виде штрафа от 5 до 20 МРП или административный арест от 5 до 30 суток. При этом не останутся безнаказанными и те, кто загрязняет общественные места, бросая окурки сигарет, семечки и плюют на землю. В отношении таких лиц, налагается штраф в размере 5 МРП, при повторном совершении в течение года, в размере 10 МРП.
«Глава государства в своем выступлении отметил, что порядок в стране начинается с каждого из нас. Например, изменить мир к лучшему, необходимо начасть с самого элементарного: создать уют дома, содержать в чистоте свое окружение и вести себя подобающим образом в обществе. Меры, принимаемые сегодня сотрудниками полиции, являются важным шагом к недопущению мелких нарушений в обществе. Потому что чувство безнаказанности за неуважение к окружающим и бескультурье может негативно сказаться на общественном сознании и привести к еще большим нарушениям», - говорит первый заместитель начальника ДП Актюбинской области Ардана Саймагамбетов.

Источник.https://www.instagram.com/p/C5qHgXoM1oi/

Просмотров: 166
Категория: 
�����