Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясында депутаттар Ақтөбе облысының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізіп, 15,4 млрд теңгені қайта бөлді. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а. Айгүл Ерғалиева депутаттарға 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті нақтылау жобасын ұсынды. Жобаға сәйкес, облыстың құрылыс басқармасы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында салынып жатқан білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне инженерлік желілер салуға, Әйтеке би ауданының Темірбек Жүргенов ауылында екі коммуналдық үй және Хромтау ауданының Қопа ауылында спорт кешенінің құрылысын аяқтауға және де басқа мақсаттарға 2,2 млрд теңге бөлді.
«Бюджет қаражаты бірқатар нысанның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге бағытталған. Олардың арасында Жем қаласындағы амбулатория және Шалқардағы В.Цеханович атындағы спорт мектебі бар. Спорт кешенінде бір ауысымда жүзден астам спортшы жаттығады. Алтын Орда шағын ауданында бес мың орындық тағы бір спорт кешенін салу жоспарлануда. Сондай-ақ, 420 орындық үлкен залы және 280 орындық кіші залы бар Ақтөбе облыстық драма театры үшін ғимарат салуға ЖСҚ дайындалады»,- деп түсіндірді Айгүл Ерғалиева.
На внеочередной шестнадцатой сессии областного маслихата депутаты внесли изменения в бюджет Актюбинской области на 2024-2026 годы, перераспределив 15,4 млрд тенге. И. о. руководителя управления экономики и бюджетного планирования Айгуль Ергалиева представила депутатам проект уточнения бюджета на 2024-2026 годы. Согласно проекта управлению строительства области распределили 2,2 млрд тенге на приобретение жилья для социально уязвимых слоев населения, строительство инженерных сетей учреждениям образования и здравоохранения, возводимых в рамках Нацпроектов «Комфортная школа» и «Модернизация сельского здравоохранения», на завершение строительства двух коммунальных домов в селе Темирбека Жургенова в Айтекебийском районе и спорткомплекса в селе Копа Хромтауского района и другие цели.
«Бюджетные средства предусмотрели на разработку проектно-сметных документаций ряда объектов. Среди них амбулатория в городе Жем и спортшкола имени В. Цехановича в Шалкаре. В спорткомплексе смогут заниматься в одну смену свыше ста спортсменов. Еще один спорткомплекс на пять тысяч мест планируется построить в микрорайоне Алтын Орда. Также будет готовиться ПСД на строительство здания для Актюбинского областного драмтеатра с большим залом на 420 мест и малым залом на 280 мест»,- разъяснила Айгуль Ергалиева.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi