Су тасқыны кезінде тұрғындарға көмектескен медицина қызметкерлері марапатқа ие болды Маусымның үшінші жексенбісі - медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл - денсаулық сақтау саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген әр маманның еңбегі еленіп, жетістігі сараланатын күн. Апта бойы алғысқа бөленген ақ халаттылар үшін облыстық театр ғимаратында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Салтанатты шара қонақтарын облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов құттықтады. Ол медицина қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін атап өтіп, өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуына тоқталды. 100-ден аса ақ халатты «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Ақтөбе облыстық ТЖД көктемгі су тасқыны кезінде тұрғындарға көмек көрсеткен дәрігерлер мен мейірбикелерге құрмет көрсетіп, 20-ға жуық адамға алғыс хат табыстады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Награждены медицинские работники, оказывавшие помощь населению во время паводка Третье воскресенье июня – профессиональный праздник медицинских работников. Это день, когда признаются заслуги каждого специалиста, неустанно работающего в сфере здравоохранения. В здании областного драмтеатра был организован торжественный прием в честь всех медицинских работников региона. В торжественной обстановке их поздравил заместитель акима области Галымжан Елеуов. Он особо подчеркнул значимую роль медицинских работников и рассказал о развитии здравоохранения в регионе. Более 100 медицинских работников награждены медалью «Еңбек ардагері», нагрудными знаками «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» («Отличник здравоохранения», «За вклад в здравоохранение»), почетной грамотой Министерства здравоохранения РК, благодарственным письмом от акима области. Также Актюбинское областное управление здравоохранения и областной департамент ЧС отметили труд врачей и медсестер, оказывавших помощь жителям во время весеннего паводка, и вручили благодарственные письма 20 медработникам. Завершилось мероприятие концертной программой.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi