Назначен новый руководитель управления по делам религий Актюбинской области

Ақтөбе облысының дін істері басқармасының жаңа басшысы тағайындалды    Бұл лауазымға Жүсіпжан Ақзам тағайындалды.   Өңір басшысы Асхат Шахаров дін істері басқармасының жаңа басшысын таныстырды.    Жүсіпжан Ақзам 1970 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1993 жылы – Мәскеу Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденінің К.А.Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.    Еңбек жолын 1993 жылы Шалқар ауданының «Сүттікөл» өндірістік кооперативінде зоотехник болып бастаған.    Еңбек жолының басым бөлігінде Мұғалжар ауданының, Ақтөбе, Қарағанды облыстары, Астана қаласы әкімі аппаратының, Нұр-Отан партиясының Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясының, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика министрліктерінің, Дін істері агенттігінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеген.    Жаңа басшыны активке таныстыра отырып, облыс әкімі оның алдына бірқатар міндетқойды. Олардың ішінде - конфессияаралық келісімді нығайту, рухани құндылықтарды насихаттау және ағартушылық іс-шаралар өткізу. Сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, діни бірлестіктердің, рухани білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу және талдау  және экстремизмнің алдын алу бойынша белсенді жұмыс істеу маңызды. Жастарға арналған бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ халықаралық діни ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту міндеті жаңа басшыға жүктелді.  

 Назначен новый руководитель управления по делам религий Актюбинской области    На эту должность назначен Жусипжан Акзам.   Глава региона Асхат Шахаров представил нового руководителя управления по делам религий активу.    Жусипжан Акзам родился в 1970 году в Актюбинской области. В 1993 году окончил Московскую ордена Ленина и ордена Трудового Красного Знамени сельскохозяйственную академию им. К.А. Тимирязева, в 2001 году - Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан.    Трудовую деятельность начал в 1993 году зоотехником в производственном кооперативе «Сүттікөл» Шалкарского района.    Большую часть своей карьеры проработал в аппаратах акиматов Мугалжарского района, Акмолинской и Карагандинской областей, города Астаны, в Национальной компании «Қазақстан Темір жолы», а также в Министерствах сельского хозяйства, здравоохранения, национальной экономики и Агентстве по делам религий.    Представив нового руководителя активу, аким области обозначил перед ним ряд основных поручений. Среди них - укрепление межконфессионального согласия, содействие распространению духовных ценностей и проведение просветительских мероприятий. Также важно активно работать над реализацией государственной политики в сфере религии, обеспечением соблюдения законодательства, исследованием и анализом деятельности религиозных объединений и духовных образовательных организаций, а также предотвращением экстремизма.

Источник.@emergovkz

Просмотров: 165
Категория: 
АктобеИнфо