Қолайсыз ауа райы: Ақтөбе облысында полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырады
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер тасжолдарда тәулік бойы қызмет етуде. Тәртіп сақшылары қозғалысты реттейді және қиын жағдайға түскен көлік жүргізушілеріне көмектеседі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күн ішінде облыс жолдарында 30 көлік соқтығысқан және 4 автокөліктің аударылу дерегі тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. 5 қарашада шамамен сағат 10.00-де Мәртөк ауылының маңында Ақтөбе – Орынбор тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. MAN жүк көлігінің жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, аударылды. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушысын ауа райының қолайсыздығына, қар аралас жауын-шашынға байланысты жолда барынша мұқият және сақ болуға шақырады.
Неблагоприятная погода: в Актюбинской области полиция призывает граждан быть осторожными на дороге
В целях предупреждения дорожно-транспортных происшествий, обеспечения безопасности водителей и пассажиров, на автодорогах Актюбинской области круглосуточно несут дежурство сотрудники полиции. Регулируют движение и помогают водителям автомобилей оказавшихся в трудной ситуации.
Только за один день, из-за непогоды на дорогах области произошло 30 столкновении и 4 случая опрокидывания транспортных средств в кювет. Пострадавших нет.
5 ноября т.г. около 10.00 часов на автодороге Актобе- Оренбург в близи п.Мартук произошло дорожно-транспортное происшествие, водитель грузовой автомашины «MAN» не справился с управлением, что привело к опрокидыванию. К счастью водитель не пострадал.
Призываем всех участников дорожного движения быть максимально внимательными и осторожными в связи с неблагоприятными погодными условиями, осадками в виде снега.
Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/reel/DCBixwssfa5/