Необходимо создать комфортные условия для оказания медицинской помощи сельчанам

 

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін жайлы жағдай жасалуы керек ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов өңірге жұмыс сапары барысында жауаптыларға осындай тапсырма берді.  Жексенбіде Тимур Мұратов Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысты.  Алға ауданының Тоқмансай ауылында күніне 25 адамды қабылдауға қауқарлы жаңа медициналық пункт жақында ашылады. Бұған дейін жергілікті дәрігер ескі ғимаратта 300-ге жуық ауыл тұрғынына көмек көрсеткен. Заман талабына сай медициналық пунктте жалпы практика дәрігерінің кабинетінен бөлек процедуралық, күндізгі стационар және дәріхана пункті жабдықталуда. Нысан желтоқсан айының басында халық игілігіне берілмек. Ал Мұғалжар ауданының Жарық ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы жанданды. Мердігер ҚР Денсаулық сақтау вице-министрін жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтайтынына сендірді. Тимур Мұратов құрылыстың тез салынуы медициналық мекеме сапасына әсер етпеуі керек екенін алға тартты.  Мұғалжар аудандық ауруханасында жаңа жылдан бастап Ауданаралық тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу үшін қосымша нысан салу жұмыстары басталады. Бұл бірнеше аудан тұрғындары үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттырады, сондай-ақ Ақтөбе-Астрахань автожолында орын алатын Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді жеделдетеді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары өңірге жұмыс сапарының екінші күнінде Ақтөбедегі қалалық және облыстық балалар стационарлары, көпсалалы облыстық аурухана, облыстық перинаталдық орталық, Ақтөбе медициналық орталығы, сондай-ақ бірқатар қалалық емхананың жұмысымен танысты. Әрбір медициналық мекеменің проблемалық мәселелерін Тимур Мұратов өзінің жеке бақылауына алды.  Сондай-ақ, ол ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментіне барып, «Ақтөберентген» АҚ зауытында шығарылатын медициналық техникалармен танысты.

Необходимо создать комфортные условия для оказания медицинской помощи сельчанам Такое поручение озвучил вице-министр здравоохранения РК Тимур Муратов в ходе рабочей поездки в регион.  В воскресенье Тимур Муратов ознакомился с ходом строительных работ объектов, возводимых в рамках реализации инициативы Президента - национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения».  В селе Токмансай Алгинского района на этапе открытия новый медицинский пункт на 25 посещений в день. Ранее помощь порядка 300 сельчанам местный врач оказывал в здании советской постройки. В современном медпункте помимо кабинета врача общей практики уже обустраивают процедурную, дневной стационар и аптечный пункт. Планируемая сдача объекта - начало декабря. А в селе Жарык Мугалжарского района активизировали строительные работы нового медицинского пункта. Подрядчик заверил вице-министра здравоохранения РК, что завершит возведение объекта до конца года. При этом Тимур Муратов отметил, что скорость строительства не должна отразиться на качестве медучреждения.  В Мугалжарской районной больнице с нового года начнутся работы по возведению пристройки для организации здесь Межрайонного центра чрезкожного коронарного вмешательства. Это повысит качество оказываемых медицинских услуг для жителей нескольких районов, а также ускорит работу экстренной неотложной службы при чрезвычайных происшествиях на автодороге Актобе-Астрахань. В понедельник рабочая поездка вице-министра здравоохранения РК в регион продолжилась в Актобе. Он ознакомился с работой городского и областного детских стационаров, Многопрофильной областной больницы, Областного перинатального центра, Актюбинского медицинского центра, а также ряда городских поликлиник. Проблемные вопросы каждого медучреждения Тимур Муратов взял под свой личный контроль.  Также столичный гость посетил Департамент Комитета медицинского и фармацевтического контроля МЗ РК по Актюбинской области, а также ознакомился с медтехникой, выпускаемой на заводе АО «Актюбрентген».

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 56
Категория: 
�����