Необычное направление агротуризма развивают фермеры Актюбинской области

Ақтөбедегі агро-туризм. Жегің келсе, теріп же  Ақтөбелік шаруалар агро-туризмнің қыр-сырын үйреніп жүр. Көкөніс, бақша өнімдерін еккен диқандар піскен дақылды дүкеннен емес, алқаптан терген абзал дейді. Табиғат аясына сирек шығатын қала тұрғындарын балауса өнімнің дәмін татып, таза ауада сергіп қайтуға шақырады.  Агротуризм – ауыл шаруашылығына болашақта жаңа дем берер саланың бірі. Болжам бойынша әлемдік урбанизация деңгейі 2050 жылға қарай 70 пайызға жетуі мүмкін. Ірі шаһарларға шорғырланған Еуропа халқы үшін экологиялық таза өнімді алқаптан теру бүгіннің өзінде трендке айналған. Бұл үрдістің біздің елге де жеткенін Мұрат Құлтаев байқаған. Көкөніс пен бақша өнімдерін базарға тасып әуре болғаннан алқаптың басында саудалаған тиімді дейді. Қала іргесіндегі бақшадан қияр мен қызанақ, қауын мен қарбыз, асқабақты теруге тұрғындар бала-шағасын да ерте келеді. Егіс алқабын он сотықтан бастап, 20 гектарға дейін жеткізген кәсіпкер биыл қарбыздың таңсық түрлерін еккен. Теңкиіп жатқан жасыл қарбыздың мәйегі лимондай сары. Бұл агротуризмді дамытуға бағытталған маркетинг қадамы дейді. Серіктестік мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген несиеге жаңа техника сатып алған. Тамшылатып суару мен тыңайтқыштарға да субсидия бар. Жалпы биыл өңірдегі өсімдік шаруашылығын қолдауға 1 млрд 100 млн теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 250 млн теңге тұқым пұлына болса, 456 млн теңге минералды тыңайтқыштарға беріледі. Қомақты қаржылай қолдауға иек артқан диқандар өнім түрін көбейтуге көшкен.  Биыл Ақтөбе облысында 2 мың гектарға жуық алқапқа көкөніс егілсе, 600 гектар бау-бақша дақылдары бар. Қазіргі таңда 300 гектар алқаптан 3300 тонна бақша өнімдері жиналды. 8400 тонна қызанақ пен қияр, болгар бұрышы сияқты көкөніс сауда сөрелеріне жеткізілген.

Необычное направление агротуризма развивают фермеры Актюбинской области Новое направление агротуризма развивают фермеры Актюбинской области. Теперь горожанам предлагают не только погостить в юртах, отведать национальную кухню, но и своими руками собрать на полях и садах новый урожай. Аграрии уверяют, что овощи прямо с грядки и только что сорванные фрукты намного вкусней и полезней. Сельский туризм зародился в Европе почти полвека назад. Оказалось, есть немало людей, предпочитающих более естественную и экологичную среду комфортным курортам. Спрос породил предложение. По всему континенту появились сотни тысяч отелей, предлагающих отдых на лоне природы. Агротуризм особенно привлекает детей: им нравится возиться с домашними животными, собирать овощи, фрукты и ягоды. Туры в сельскую местность набирают популярность и в Казахстане. Горожанка Ирина Катунина решила провести выходные вместе с близкими в одном из таких хозяйств. Одним из первых в области новый тренд подхватил фермер Мурат Култаев. Когда-то он начинал с 10 соток. Теперь владеет 20 гектарами сельхозугодий. Выращивает овощи, фрукты и бахчевые. Заметив, что немало горожан любит покупать продукты непосредственно на поле, решил предложить соответствующую услугу. Так что посетители не только покупают продукцию, но и помогают собрать урожай. Разумеется, сами увозят купленное. Это экономит транспортные расходы, – делится  руководитель крестьянского хозяйства Мурат Култаев. Он даже придумал маркетинговую фишку – арбузы с мякотью цвета лимона.  Год от года агротуризм становится все популярнее. В Казахстане есть сотни этноаулов, фермеры приглашают отведать целебный саумал, прокатиться на лошадях. Земледельцы утверждают, что число посетить поля и сады с каждым годом становится все больше.

Источник: «24.kz»

Просмотров: 195
Категория: 
�����