Iphone 15 телефонын жеңілдікпен сатып алғысы келген бірнеше ақтөбелік алаяқтарға алданды
Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жаңа телефонға нарықтық бағадан едәуір төмен баға ұсынған интернет-дүкеннің жарнамасын көрген.
Сатушы сатып алушыларға тауарға сертификатты көрсету арқылы олардың сеніміне кірген.
Төлем жасау үшін сатушы екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған есепшоттың ресми төлем деректемелерін ұсынған. Қала тұрғындары телефон үшін төлемді аударғаннан кейін «сатушы» жоғалып, шот пен ұялы телефон нөмірін бұғаттап тастаған. Осы схема бойынша үш күн ішінде 3 қала тұрғыны алданды. Олардың әрқайсысы 600 - ден 700 мың теңгеге дейін төлеген.
Алаяқтың жеке басын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Полиция департаменті тұрғындарға онлайн сауда кезінде алдын ала төлем жасамауға кеңес береді. Сонымен қатар, жеке тұлғаның картасына аудару арқылы алдын ала төлем жасауға келіспеңіз.
Несколько жителей Актобе решили купить 15 Iphone со скидкой, но попались на уловки мошенников.
Горожане увидели в соцсетях рекламу интернет-магазина, который предлагал новинку от Apple значительно ниже рыночной цены.
Продавец уверил покупателей в своей надежности предоставив сертификат на товар.
Продавец предоставил официальные платежные реквизиты расчетного счета, открытого в одном из банков второго уровня. Горожане перевели отплату за телефон, но после перевода денег продавец исчез, заблокировав аккаунт и номер мобильного телефона. По этой схеме за три дня были обмануты 3 горожан. Каждый из них оплатил от 600 до 700 тысяч тенге.
Установить личность мошенника пока не удалось, ведется следствие.
Департамент полиции рекомендует никогда не вносить предоплату, если это не предусмотрено самой площадкой, которая гарантирует безопасность сделки. И тем более не соглашайтесь на предоплату с помощью обычного перевода на карту физлицу.