Кәмелетке толмаған бала элеватор жақта ойнап жүріп, тереңдігі шамамен 10 м болатындай астық сақтайтын резервуарға құлап кеткен.
30 мамыр күні сағат 23:31-де 102 телефонына хабарлама келіп түсті. Сағат 17:00-де Жанқожа батыр көшесіндегі үйлердің ауласынан 2013 жылғы кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері кешенді іздестіру шараларын жүргізіп, баланың болуы мүмкін жерлерді қарап шықты.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары іздестіру нәтижесінде элеватор ғимараты жанын тексерген уақытта Элеваторный көшесінде тереңдігі 10 м болатын резервуардан баланы тапты. Жағдайы өте нашар болды.
Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар баланы резервуардан көтеріп шығарды. Кәмелетке толмаған бала балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Ақтөбе облысы ПД ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Балаларға құрылыс алаңдары мен ғимараттар аумағында жүрудің ережесін үйрету керек. Ата-аналар балаларының қай уақытта, қай жерде жүргенін бақылауы қажет.
Несовершеннолетний упал в резервуар, играясь в заброшенном элеваторе.
30 мая т.г. примерно в 23.31 часов на телефон «102» поступило сообщение о том, что в 17.00 часов со двора дома, по ул. Жанкожа батыра пропал несовершеннолетний 2013 г.р. Сотрудниками полиции был проведен комплекс поисковых мероприятий, проверены все возможные места пребывания школьника.
В результате поиска сотрудниками УИП ПДН в заброшенном здании элеватора, в резервуаре для пшеницы (глубиной примерно 10 м.) расположенного по адресу пер. Элеваторный, был найден в тяжелом состоянии несовершеннолетний, который играясь с детьми упал в резервуар.
Сотрудниками полиции совместно со спасателями несовершеннолетний был поднят на поверхность и госпитализирован в реанимационное отделение ЦОМИД в тяжелом состоянии.
Департамент полиции просит родителей провести разъяснительную работу с детьми о последствиях нахождения на строительных площадках и заброшенных зданиях. Родителям необходимо контролировать местонахождение детей и интересоваться где и с кем находится ребенок.