Жүргізуші куәлігінсіз мас жүргізуші жол апатын жасаған.
19 шілде сағат 19.00-де "Opel Vectra" маркалы автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі Жиенбаев көшесіндегі көше жарығының бетон бағанасына барып соқтығысқан.
ЖКО нәтижесінде 3 жолаушы, оның ішінде 3 жасар қыз түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды.
Жүргізушінің көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екені және мас күйінде болғаны анықталды.
ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жүргізушіге бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не он жылдық мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын жүргізбеуді сұрайды, сіздің ойланбай жасаған іс-әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін. Егер сіз жүргізушілердің заңсыз әрекеттерінің куәгері болсаңыз, бірден "102" нөміріне қоңырау шалыңыз. Есіңізде болсын, сіз өзіңізді ғана емес, басқа біреудің өмірін де сақтап қала аласыз.
Нетрезвый водитель без прав совершил ДТП.
19 июля т.г. примерно в 19.00 час. 35-летний водитель автомашины марки «Opel Vektra» по ул.Жиаенбаева, допустил наезд на бетонный столб уличного освещения.
В результате ДТП 3 пассажиров, среди которых 3-х летняя девочка с различными травмами госпиталезированы в медицинское учреждение.
Установлено, что водитель не имел права управления транспортными средствами и находился в алкогольном опьянении.
По данному факту начатот досудебное расследование по ст. 345 ч.1 УК РК.
Водителю грозит штрафом в размере до одной тысячи месячных расчетных показателей либо исправительные работы в том же размере, либо привлечение к общественным работам на срок до четырехсот часов, либо ограничение свободы на срок до одного года, либо лишение свободы на тот же срок, с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью сроком на десять лет.
Департамент полиции Актюбинской области настоятельно просит граждан не управлять транспортными средствами в состоянии алкогольного и наркотического опьянения, от Ваших необдуманных действий могут пострадать ни в чем не повинные люди. Если Вы стали очевидцем неправомерного поведения водителей, сразу же звоните в «102». Помните тем самым вы можете спасти жизнь не только себе.