Жаңа әкімге Алға ауданының экономикалық өсімін ұлғайту міндеті қойылды Бүгін Алға ауданы активінің отырысында өңір басшысы Асхат Шахаров ауданның жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға Асланбек Шүйіншалиев тағайындалды. Асхат Шахаров ауданның жаңа әкіміне сәттілік тілеп, Алға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттер қойды. Облыс әкімі атап өткендей, аудандағы экономика тұрақты дамып келеді, алайда одан әрі ілгерілеу үшін салаларды әртараптандыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және инвестицияларды белсенді тартуға назар аудару қажет.
«Алға ауданының экономикасы тұрақты дамуды көрсетіп отыр, алайда өңдеу өнеркәсібінің үлесі небәрі 1,1% құрайды. Соңғы үш жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 179,8 млрд теңгені құрады, оның тек 0,04%-ы – аудан үлесіне тиесілі. Қайта өңдеу мен тау-кен өнеркәсібіне инвестициялардың өсуін ынталандыру үшін инвесторларды тарту және қолайлы жағдайлар жасау қажет. Ауданда инвестиция көлемі 70 млрд теңге болатын «Aqtobecem» ЖШС базасында цемент өндіретін зауыт салу жоспарлануда, ол 385 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Алға индустриялық аймағында 2015 және 2017 жылдары іске қосылған екі ғана кәсіпорын жұмыс істейді, ал соңғы бес жылда жаңа инвестициялар мен кәсіпорындар болған жоқ. Өнеркәсіптік аймақтың әлеуетін пайдалана отырып, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыру қажет»,- деп тапсырды ауданның жаңа әкіміне Асхат Шахаров. Сонымен қатар, өңір басшысы ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құс шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, балық және қайта өңдеу шаруашылықтарын дамытуды тапсырды. Ауданның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Аудандағы жолдардың сапасын жақсарту, санитарлық тазалықты жақсарту бойынша жеке тапсырмалар берілді.
«Инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде Алға-Тоқмансай трассасын, Алға-Қарабұлақ жолындағы көпірді және Талдысай ауылына кіреберіс жолды аяқтау үшін 2025 жылға арналған қаржыландыру мәселесін шешу қажет. Бұрынғы химия зауытының қалдықтары да өзекті мәселе: салмағы 2,6 млн тоннаны құрайтын қауіпті қалдықтардың 17 түрі анықталды. Аумақты тазартып, қоршап, тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізбеу қажет»,- деп әкім жұмыстың негізгі бағыттарына баса назар аударды. Алға ауданының жаңа әкімі барлық қойылған міндеттерді орындауға және күш-жігерін ауданның экономикалық әлеуетін дамытуға бағыттауға дайын екенін білдірді. Өз кезегінде ауданның бұрынғы әкімі Нұрбол Ержанов өз жұмысы кезеңінде көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін алғысын білдіріп, ауданның жаңа әкіміне өңірдің дамуы үшін табыс пен жемісті жұмыс тіледі.
Новому акиму поручено ускорить экономический рост Алгинского района Сегодня в Алге прошло заседание актива района, на котором глава региона Асхат Шахаров представил нового акима Алгинского района. На эту должность был назначен Асланбек Шуиншалиев. Асхат Шахаров пожелал удачи новому акиму района и поставил перед ним задачи по социально-экономическому развитию Алгинского района. Как отметил аким области, экономика в районе стабильно развивается, однако для дальнейшего прогресса необходимо сосредоточиться на диверсификации отраслей, модернизации инфраструктуры и активном привлечении инвестиций.
«Экономика Алгинского района демонстрирует стабильное развитие, однако доля обрабатывающей промышленности составляет всего 1,1%. Объем инвестиций в основной капитал за последние три года составил 179,8 млрд тенге, из которых на долю района приходится лишь 0,04%. Для стимулирования роста инвестиций в перерабатывающую промышленность и горнодобывающую отрасль необходимо привлекать инвесторов и создавать благоприятные условия. В районе планируется строительство завода по производству цемента на базе ТОО «Aqtobecem» с объемом инвестиций 70 млрд тенге, который обеспечит 385 рабочих мест. В индустриальной зоне Алгифункционируют лишь два предприятия, введенных в 2015 и 2017 годах, а за последние пять лет новых инвестиций и предприятий не было. Требуется активизировать работу по привлечению новых проектов, используя потенциал промышленной зоны»,- обозначил первостепенные задачи для нового акима района Асхат Шахаров. Кроме того, глава региона поручил развивать птицеводство, растениеводство, рыбные и перерабатывающие хозяйства в целях обеспечения продовольственной безопасности района. Используя возможности района, необходимо создать благоприятные условия для развития туризма. Отдельные поручения были даны по улучшению качества дорог в районе, улучшения санитарной чистоты.
«Необходимо решить вопрос финансирования на 2025 год для завершения инфраструктурных проектов, среди них трассы Алга-Токмансай, моста по дороге Алга-Карабулак и подъездной дороги в село Талдысай. Острая проблема связана с отходами бывшего химического завода: выявлено 17 видов опасных отходов массой 2,6 млн тонн. Необходимо очистить территорию, оградить ее, обезопасив население»,- сделал акцент на основных направлениях работы аким. Новый аким Алгинского района выразил готовность выполнить все поставленные задачи и направить усилия на развитие экономического потенциала района. В свою очередь прежний аким района Нурбол Ержанов выразил благодарность за оказанное доверие и поддержку в период своей работы, а также пожелал новому акиму района успехов и плодотворной работы на благо развития региона.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi