Ақтөбедегі қайта жөнделген Әлия музейі заманауи технологияларын таныстырды Бүгін Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде музей қызметіне және экпозицияларға енгізілген заманауи цифрлық технологияларды таныстыру рәсімі өтті. Бұл ауқымды шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылған. Жаңа экспозицияның диорамаларында 3D-mapping, AR-технология, VR-көзілдірікті мультимедиялық технология, сандық сторителлинг, жасанды интеллект, голограмма пайдаланылған. «3D анимация» голографиясындағы Әлия бейнесіне виртуалды промоутер бес тілде сөйлейді, 3D форматтағы рельефті карта, бағдарламалық-интерактивті сенсорлық киоск енгізілген. Музейде батыр қыздың өмірі мен ерлік жолын көрсететін ақпараттар мен экспонаттар, музей жабдықтары, тума-туыстары мен оқыған жерлері, мергендік мектебі мен майдандағы өмірін көрсететін, Әлия есімімен аталатын мекемелер мен мектептер, музейлер, жыр арнаған ақын-жазушылар мен зерттеушілер, қойылған ескерткіштер,түсірілген фильмдер жайлы деректер қойылған.
Обновленный музей Алии в Актобе представил современные технологии Сегодня в областном мемориальном музее имени Героя Советского Союза А. Молдагуловой прошла презентация современных цифровых технологий, внедренных в работу музея и его экспозиции. Мероприятие приурочили к 80-летию Великой Победы и 100-летию со дня рождения Героя Советского Союза Алии Молдагуловой. В новых диорамах экспозиции используются 3D-mapping, AR-технологии, VR-очки, мультимедийные технологии, цифровой сторителлинг, искусственный интеллект и голограммы. В голографическом отображении Алии виртуальный промоутер говорит на пяти языках, представлена 3D-карта рельефа, а также интерактивный сенсорный киоск. Музей представил информацию и экспонаты, связанные с жизнью и героическим путем девушки-батыра, а также музейное оборудование, места, где она училась, учреждения и школы, носящие имя Алии, памятники, фильмы о ней и другие материалы.
Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi