Ақтөбелік зейнеткер интернет-алаяқтықтың кезекті құрбаны болды.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам оған телефон соғып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Бұл ретте, жалған қызметкер өтініш берушінің толық сауалнамалық деректерін біліп, зейнеткердің сеніміне кірген. Зейнеткер өзінің атынан несие алуға тырысып жатқанын айтқан алаяқты мұқият тыңдап, алаяқтың барлық нұсқауларын орындаған. Алаяқ банк бұл мәселені өз бетінше шеше алатынына сендіріп, ол үшін SMS-кодты айтуын сұраған. Алаяқтар зейнеткердің оның шотынан 1 млн теңгеден астам ақша шешіп алған.
Кейінірек, зейнеткер алдаудың құрбаны болғанын түсінген соң полицияға арызбен жүгінді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті облыстың барлық тұрғындарына өздерінің қарт және жақын туыстарын алаяқтардан қауіпсіздендіруді ұсынады.
Егер телефон арқылы белгісіз адамдар қарт адамдарға несие алу жөнінде хабарласа, бұл алаяқтар!
Мұндай қоңырау түскен кезде дүрбелеңге түспеңіз. Кез келген сылтаумен бейтаныс адаммен сөйлесуді тоқтатып, банкке хабарласыңыз.
Есіңізде болсын, банк қызметкерлері клиенттерге мұндай сұрақтармен ешқашан қоңырау шалмайды.
Очередной жертвой интернет-мошенничества стала актюбинская пенсионерка.
Со слов пострадавшей, к ней на телефон позвонил неизвестный, который представился сотрудником банка. При этом, лжесотрудник сообщил полные анкетные данные заявительницы, чем и заслужил доверие пенсионерки. Внимательно выслушав афериста, который сообщил что на ее имя пытаются оформить кредит, заявительница старательно выполнила все инструкции. Мошенник заверил что банк может самостоятельно решить данный вопрос, для этого необходимо было продиктовать SMS-код. Не подозревая об обмане, пенсионерка продиктовала SMS - код, а в это время аферисты списали с ее счета более 1 млн тенге.
Уже позже, когда женщина поняла, что стала жертвой обмана, она обратились с заявлением в полицию.
Департамент полиции Актюбинской области рекомендует всем жителям области, обезопасить своих пожилых родственников, близких от мошенников.
Если неизвестные по телефону сообщают пожилым людям, что на них пытаются оформить кредит – нет сомнений, это мошенники!
При поступлении такого рода звонка не поддавайтесь панике. Под любым предлогом прекратите разговор с незнакомцем и свяжитесь с банком.
Помните сотрудники банка, никогда не звонят клиентам с подобными вопросами.