ОЧЕРЕДНОЙ ЖЕРТВОЙ СЕТЕВЫХ АФЕРИСТОВ СТАЛ АКТЮБИНСКИЙ ПЕНСИОНЕР

АҚТӨБЕЛІК ЗЕЙНЕТКЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ

Интернет-алаяқтық пен киберқылмыстың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, алаяқтықтар саны азаймай отыр. Көбінесе, қарт адамдар мен зейнеткерлер қаржылық алаяқтардың құрбаны болады.

Жуырда ақтөбелік зейнеткерге WhatsApp месседжері арқылы белгісіз нөмірден хабарласқан. Олар  өздерін банктердің бірінің менеджері ретінде таныстырып,  қазіргі уақытта алаяқтар зейнеткердің атына ірі көлемде несие рәсімдеп жатқанын хабарлаған. Заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін телефонға банктің мобильді қосымшасы мен RustDesk қосымшасын орнату туралы нұсқау берген. Жәбірленуші "маманның" барлық нұсқауларын орындап,  қосымшаларды жүктеп, тіркеу процедурасынан өткен. Осы уақытта  алаяқ зейнеткердің телефонын қашықтықтан басқара отырып,  бірнеше секунд ішінде оның депозиттік шотынан 1 млн.195 мың теңгені иеленіп алған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Құрметті азаматтар, алаяқтар адамға психологиялық тұрғыдан қысым жасап, асықтыруға тырысады. Өз деректеріңіз мен SMS-кодтарды бермесеңіз, алаяқтар ешқашан сіздің ақшаңызға қол жеткізе алмайды. Ешбір жағдайда AnyDesk және rustdesk бағдарламаларын жүктемеңіз, себебі сіз алаяқтарға ұялы телефоныңызға қашықтықтан кіруге мүмкіндік бересіз! Банктік қызметтерге қатысты мәселелер бойынша нөмірлері еркін қолжетімділікте, оның ішінде ресми интернет-сайттарда жарияланған банктердің call-орталықтарына тікелей хабарласыңыз.

ОЧЕРЕДНОЙ ЖЕРТВОЙ СЕТЕВЫХ АФЕРИСТОВ СТАЛ АКТЮБИНСКИЙ ПЕНСИОНЕР

Через месседжер WhatsApp заявителю поступило сообщение с неизвестного номера, который представился менеджером одного из банков, сообщив, что в данный момент мошенники на его имя оформляют крупный кредит. По словам лжесотрудника, незаконные действия еще можно было предотвратить, если установить на свой телефон мобильное приложение банка и приложение RustDesk и точно следовать инструкциям «специалиста». Разволновавшись, пенсионер тут же скачал нужные приложения и прошел процедуру регистрации. В тот же момент, мошенник сам управлял телефоном пенсионера и в считанные секунды снял с его депозитного счета 1 млн. 195 тыс. тенге.

В настоящее время по данному факту начато досудебное расследование по ч. 2 ст. 190 УК РК «Мошенничество», проводятся необходимые оперативно-розыскные и следственные мероприятия.

Несмотря на проводимые профилактические мероприятия по профилактике интернет-мошенничества и киберпреступности количество мошенничества не уменьшается. Чаще жертвами взломщиков и финансовых мошенников становятся пожилые люди, пенсионеры. В основном, это происходит из-за того, что они не разбираются в особенностях работы мобильных приложений, банковских сервисов и других технических возможностях, а также не осведомлены о новых изобретениях хакеров.

Уважаемые граждане, мошенники стремятся психологически надавить на человека, торопят, чтобы не оставить ему времени на без предоставления своих данных и SMS-кодов мошенники никогда не смогут снять ваши деньги. Ни в коем случае не скачивайте программы AnyDesk и RustDesk, так вы дадите мошенникам доступ к своему мобильному телефону! По вопросам, связанным с банковскими услугами, обращайтесь непосредственно в call-центры банков, номера которых опубликованы в свободном доступе, в том числе на официальных интернет-сайтах.

Просмотров: 172
Категория: 
�����