Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясында «Ақтөбе» мен «Ордабасы» командаларының кезекті ойынын су тасқынынан зардап шеккен 500-ден астам тұрғын тамашалады. Спортқа жаны құмар, әсіресе, футбол десе ішер асын жерге қоятын ақтөбеліктер тартысты ойыннан ерекше көңіл күймен тарасты. Бұл жолы екі команда 0:0 есеппен ойынды аяқтады. Соған қарамастан футболды тамашалауға барған азаматтар «Ақтөбе» командасына айрықша қолдау көрсетті. 90 минутқа созылған ойынды көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 500-ден астам адам 8 сектордан тегін тамашалады. Аталған ойынға облыстық Қоғамдық штаб мүшелері мен белсенді азаматтар да барды. Олар тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен бірге отырып, командалардың бәсекеге толы ойынының 8-минутында барша жанкүйерлер жерлестерімізге қолдау білдірді. Айта кету керек, ішкі біріншіліктің өткен турында су тасқынынан зардап шеккен мыңға жуық тұрғын тамашалаған болатын. #Күшімізбірлікте
Сегодня очередную игру в рамках 9-го тура Премьер-лиги Казахстана по футболу между командами «Актобе» и «Ордабасы» посетили более 500 жителей пострадавших от паводков. Актюбинцы, увлеченные спортом, особенно футболом, с большим удовольствием пришли посмотреть на игру. Сегодняшний матч завершился со счетом 0:0. Тем не менее, особую поддержку команде «Актобе» оказали болельщики, которые пришли посмотреть на игру. Более 500 человек, пострадавших от весеннего паводка, бесплатно посмотрели игру, которая длилась 90 минут, с 8 сектора. Данную игру также посетили члены областного Общественного штаба и активные граждане. Они сидели вместе с пострадавшими от паводка жителями и в ходе игры на 8-минуте матча вместе со всем стадионом проявили дань уважения нашим землякам. Стоит отметить, что матч прошлого тура национального первенства посчастливилось увидеть около тысячи жителям, пострадавшим от паводков. #Силавединстве
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi