Одним из пригородных жилых массивов пострадавших от весеннего паводка является Орлеу

Өткен көктемде су тасқынының зардабын тартқан қала маңындағы елді мекендердің бірі - Өрлеу тұрғын алабы. Ойда тұрған Өрлеуге қырдан аққан қар суы топырақтан көтерген бөгетті (грунтовая дамба) айналып өтіп кірген болатын. Бұл жағдай қайталанбасы үшін дала суларының бағытын бұру мақсатында қазір “Батыс Актобе Group” ЖШС мердігер ұйымы 3 шақырым арна қазып, үш бөгетті топырақпен, қой тастармен (бутовые камни) бекітіп жатыр.
“Су тасқыны - айтып келмейтін табиғи апаттардың бірі. Сондықтан, біз түрлі жағдайға дайын болуымыз керектігін облыс әкімі ескерткен болатын. Бұл жұмысты атқару барысында осы жердің бедерін жақсы білетін бұрынғы ауыл тұрғындарымен кеңесіп отырыңыздар. Себебі, бәрін алдын ала болжау мүмкін емес. Мысалы, Өрлеуге су келетін бағытқа өткен жылы үш бөгет салынған болатын. Бірақ биылғы көктемде су жылдағы бағытынан жаңылып, Өрлеуге бөгетті айналып өтіп кірді. Себебі, дала суларының табиғи арнасы Елекке Өрлеудің үстімен өтіп құяды екен. Енді осы қазылып жатқан үш шақырым арна судың бағытына Өрлеуді айналып өтіп, Елекке құятындай мүмкіндік беруі тиіс. Жұмыстарды ұзаққа созбай, осы қарашада аяқтауға тиіссіздер», - деді қала әкімі Азамат Бекет.
Мердігер ұйым басшылығы арна қазу барысында қиындықтарға тап болып жатқандарын жеткізді.
«Ең негізгі проблемамыз арнаны қазу барысында 600 метрдей газ желісінің құбырлары өтіп жатқан учаскеге тап болдық. Енді ол учаскені бетондап жауып, құбырға зақым тимейтіндей жағдай жасап кетуіміз керек. Қазір үш бөгетті топырақ және тас тасып бекітумен айналысып жатырмыз. Арнаның ұзындығы 3 шақырым, ені 4 метр, тереңдігі 1,5 метр болады. Қарашаның 20-на дейін жұмысты аяқтап тапсырамыз», - деді “Батыс Актобе Group” ЖШС директоры Ернар Нұрлыбаев. 

Одним из пригородных жилых массивов пострадавших от весеннего паводка является Орлеу. В расположенный в низине Орлеу стекающая с холмов талая вода вошла обогнув специальную защитную грунтовую насыпь. Чтобы эта ситуация не повторилась, в целях отвода степных вод подрядная организация ТОО «Батыс Актобе Group» сейчас прокапывает трехкилометровый канал, укрепляет три дамбы грунтом, бутовым камнем.
«Как сложится паводковая ситуация нелегко точно спрогнозировать. Поэтому аким области предупредил, что мы должны быть готовы к различным ситуациям. При выполнении этой работы выслушайте старожил, которые хорошо знакомы с рельефом этой местности. Сложно все заранее предсказать. К примеру, в прошлом году было построено три дамбы там, откуда в предыдущие годы поступала вода в Орлеу. Но этой весной вода проложила новый путь, миновав дамбы. Эти три километра канала должны отвести воду от Орлеу, направить их в Илек. Работы должны быть завершены в ноябре этого года», - сказал аким города Азамат Бекет.
Руководство подрядной организации сообщило, что сталкивается с трудностями при устройстве канала.
«Главная проблема в том, что при земляных работах мы наткнулись на участок, где проходит газопровод длиной около 600 метров. Теперь необходимо бетонировать участок и создать условия, чтобы труба не повредилась. Сейчас мы занимаемся укреплением трех дамб грунтом и камнем. Канал будет иметь длину 3 километра, ширину 4 метра и глубину 1,5 метра. Завершим работу до 20 ноября», - заверил директор ТОО «Батыс Актобе Group» Ернар Нурлыбаев.

Источник.https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DBuFzV6ADbo/

Просмотров: 156
Категория: 
�����