Оставшиеся без жилья 38 семей из села Каратал переехали в новые дома  

Тасқыннан үйлері жарамсыз болып қалған 38 қараталдық отбасы жаңа қонысқа көшті  Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін жалпы саны 126 үй салынып жатыр. Бүгінгі күні құрылысшылар толықтай құрылысы аяқталған үйдің кілттерін иелеріне табыстаған. 38 отбасы жайлы әрі кең үйге көшіп, қоныстойларын тойлап үлгерді. Ал қалған 88 үйді мердігерлер қыркүйек айында пайдалануға береміз деп отыр. Қазіргі уақытта бұл үйлердің қабырғалары тұрғызылды, шатырлары жабылды, есік-терезелері салынып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл Қаратал ауылында көктемгі су тасқыны кезінде 210 үйге зақым келді. Бой көтерген 126 үйден бөлек, тағы 18 баспанаға жөндеу жұмыстары жасалды, 66 отбасы екінші нарықтан өздерінің қалауымен дайын үйді сатып алды.  Айтып өтейік, қаржыландыру «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоры арқылы жүзеге асырылуда. ERG компаниясы Ойыл ауданында Ойыл, Қаратал, Ақкемер, Кемер, Ақжар және Бестамақ ауылдарында 172 үйдің құрылысын қаржыландырды. Оның 63-і халық игіліне берілді.

Оставшиеся без жилья 38 семей из села Каратал переехали в новые дома  В селе Каратал Уилского района Актюбинской области для пострадавших от паводка жителей строится 126 домов. Сегодня строители передали ключи от нового жилья их владельцам. Первыми счастливыми обладателями уютных и просторных домов стали 38 семей. Оставшиеся 88 домов подрядчики планируют сдать в сентябре. В этих домах сейчас устанавливают двери и оконные рамы, проводятся внутренние отделочные работы. В селе Каратал во время паводка было затоплено 210 домов. Взамен поврежденного жилья строят 126 домов, для 66 семей приобрели готовые дома и 18 домов были отремонтированы.  Жилье приобретали за счет средств фонда «Камкор-Актобе 2024». Компания ERG профинансировала строительство 172 домов в селах Уил, Каратал, Аккемер, Кемер, Акжар и Бестамак Уилского района. 63 дома уже передали новым владельцам.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 172
Категория: 
�����