АБАЙЛАҢЫЗ АЛАЯҚТАР!
Қалалық полиция бөліміне 90 жастағы қарт әйел алаяқтық дерегі туралы арызданды. Арызданушының айтуынша, оның үй телефонына бейтаныс адам қоңырау шалған. Ер адам өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, әдеттегі схемалардың бірі бойынша алдауға көшкен. Ол зейнеткерге қызының апатқа ұшырағанын, адамдар зардап шеккенін және қызын қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін ақша қажет екенін айтқан. Сендіру үшін ол тіпті, телефонды "қызына" бергендей кейіп танытып, қарияның үйде қанша ақшасы бар екенін білген. Зейнеткерде 2 млн.теңге бар екенін анықтағаннан кейін, алаяқтар оның үйіне курьер жіберіп, ақшасын иеленген.
Қазіргі уақытта осы қылмысты ашуға және кінәлі адамдарды жауапқа тартуға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Құрметті Ақтөбе облысынң тұрғындары! Сіздерден қарт туыстарыңызбен түсіндіру сипатындағы әңгімелесулер жүргізді сұраймыз! Оларға алаяқтық тәсілдері туралы айтыңыз, осылайша сіз оларды қаскүнемдерден қорғайсыз.
ОСТОРОЖНО МОШЕННИКИ!
В городской отдел полиции обратилась 90 –летняя женщина, по ее словам, ей поступил звонок на стационарный телефон от незнакомца. Собеседник представился сотрудником правоохранительных органов и перешел к одной из известных схем обмана. Он сообщил пенсионерке, что её дочь стала участником ДТП, пострадали люди, и чтобы избежать уголовной ответственности нужны деньги. Для убедительности он даже передал трубку «дочери», которая спросила, сколько у мамы денег. Женщина ответила, что у нее есть 2 млн. тенге. Спустя некоторое время домой к потерпевшей пришел неизвестный мужчина забрал деньги.
В настоящее время проводится оперативные мероприятия, направленные на раскрытие данного преступления и привлечение виновных лиц к ответственности.
Уважаемые жители Актюбинской области! Просим вас провести разъяснительную беседу со своими пожилыми родственниками! Расскажите им о способах мошенничества, тем самым вы поможете сберечь им денежные средства. Напомните им, первое, что необходимо сделать — прекратить разговор с неизвестным и самостоятельно перезвонить родственнику или знакомому.