Полиция қызметкерлері ескерту және алдын алу шараларын ұдайы негізде жүргізетініне қарамастан, азаматтар алаяқтардың құрбаны болуды жалғастыруда. Өткен тәулікте алаяқтықтың 13 фактісі тіркелді.
Мысалы, белгісіз адам "Телеграмм" арқылы хат жазысып, Ресей Федерациясының қонақ үйлерінің нөмірлерін брондау арқылы ақшаны көбейту сылтауымен 27 жастағы ақтөбеліктен 3 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған. Жәбірленуші бірнеше траншпен ақша аударған.
Схема қарапайым: қызметкер (ойдан шығарылған) бірнеше қонақүйлерді бағалауды, орындалған жұмысты растайтын скриншоттарды жіберуді, содан кейін "жалақыны" аудару үшін төлем деректерін жіберуді ұсынады. Деректерді иемдену арқылы алаяқтар сіздің шоттарыңызды басқара алады.
Егер сіз әлі де осындай жұмыс туралы хабарландыру алсаңыз, оған сенбеуіңіз керек. Алаяқтармен жеке ақпаратты бөліспеңіз және белгісіз сілтемелерге өтпеңіз.
Несмотря на неоднократные предупреждения и профилактические мероприятия, граждане продолжают попадаться на уловки мошенников. За прошедшие сутки зарегистрировано 13 фактов мошенничества.
К примеру, неизвестное лицо переписываясь через «Телеграмм», под предлогом приумножения денежных средств при помощи бронирования номеров, в гостиницах РФ завладел денежными средствами в сумме более 3 млн тенге у 27-летнего актюбинца. Денежные средства потерпевший переводил несколькими траншами.
Схема проста: сотрудник (мнимый) предлагает оценить несколько отелей, отправить ему скриншоты, подтверждающие выполненную работу, а затем прислать платежные данные для перечисления «зарплаты». Завладев данными, мошенники могут распоряжаться вашими счетами.
Если вы все-таки получили подобное объявление о работе, не стоит в него верить. Не делитесь с мошенниками личной информацией и не переходите по неизвестным ссылкам.