Осторожно, мошенники! На какие мошеннические схемы часто попадаются актюбинцы,  рассказали полицейские

Абайлаңыз, алаяқтар!  Полицейлер ақтөбеліктердің жиі алданып отырған интернет-алаяқтық түрлері туралы айтып берді

Интернет кеңістікте қолданушылар санының артуына байланысты кибералаяқтар да көбейді. Жыл басынан бері интернет кеңістіктегі алаяқтық  деректері бойынша ішкі істер органдарына 897 облыс тұрғыны арызданды.

Полицияға түскен арыздардың негізінде, өңірде интернет-алаяқтықтың ең көп тараған 3 түрін атап көрсетуге болады:

Біріншісі - банк қызметкері ретінде алдап қоңырау шалып, азаматтардың жеке деректерін иемдену арқылы олардың шоттарындағы ақшаны шешіп  алу немесе атына ірі несие рәсімдеу. Бұл ретте, банк қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтар  азаматтардан ұялы телефонға  AnyDesk, HopDesk, RestDesk, TeamViewer сынды телефонға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды жүктеуді сұрайды. Нәтижесінде, олардың шоттарына қол  жеткізіп,  ақшаларын иеленеді.

Екіншісі – онлайн сауда платформасындағы алаяқтықтар. Қаскүнемдер көбіне, «ОЛХ.кз», «Колеса.кз», «Крыша.кз» сияқты танымал қосымшаларды пайдаланады. Мұнда алаяқтар белгілі бір затты сатуға қойған адамдарды табады немесе өздері арзан бағамен тауар сататыны туралы жалған хабарлама орналастырады. Бірінші жағдайда, алаяқтар хабарландыру иесіне танымал мессенджерлер арқылы «сатып алушы» кейпінде хабарласып, тауар үшін алдын ала «ақша аударамын» деген сылтаумен, одан жеке банктік деректемелерін айтуды немесе өзі жіберген сілтеме бойынша жеке деректерді толтыруды сұрайды. Ал, екінші жағдайда алаяқтар «сатушы» кейпінде аңғал сатып алушылардан «тауарға» алдын-ала төлемді иеленеді. Екі жағдайда да жәбірленушілер ақшасыз қалады.

Үшіншісі – азаматтарды оңай жолмен ақшаны көбейтуге шақыру. Бұл - инвестицияға, ставкаға т.б. ақша салуға шақыру арқылы адамдардың ақшасын заңсыз иемдену.  Барлық жағдайларда да алаяқтар өз құрбандарымен танымал мессенжерлерді пайдалана отырып байланысады.

Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды қырағы болуға және интернет-алаяқтардың қулықтарынан сақтануға шақырады.

Осторожно, мошенники! На какие мошеннические схемы часто попадаются актюбинцы,  рассказали полицейские

Несмотря на постоянно проводимые профилактические мероприятия жители области продолжают попадаться на уловки  киберпреступников.  С начало года по фактам интернет-мошенничеств в полицию обратились 897 жителей области.

На основании их обращений, можно отметить 3 наиболее распространенных вида интернет-мошенничеств в регионе.

Первое - хищение денег со счетов граждан. Преступники представляются сотрудниками служб безопасности банков и сообщают о подозрительных операциях на счетах граждан. Далее просят их скачать приложения (AnyDesk, HopDesk, RestDesk, TeamViewer и др.) на телефон, с помощью которых  снимают деньги с  банковских счетов жертв. К сожалению, граждане под их убеждениями сами переводят деньги на указанные мошенниками счета, либо добровольно передают мошенникам свои персональные данные.

Второе – мошенничества, совершенные на площадках онлайн-торговли. Мошенники часто используют известные приложения, как "ОЛХ.кз", "Колеса.кз", "Крыша.кз" и др. Злоумышленники находят людей, разместивших объявление о продаже какого-либо  товара, либо сами размещают объявления о продаже несуществующего товара по заманчивой цене. Далее они под видом покупателя просят продавца сообщить свои персональные данные, якобы для перевода предоплаты  за товар или же под видом продавца просят доверчивых покупателей перевести предоплату за товар на указанный ими счет. В обеих случаях жертвы остаются без денег.

Третье - вложение денег в различные сомнительные проекты, игры, инвестиции, ставки и т.д. для приумножения своих денег. При этом во всех случаях для связи с жертвами мошенники используют популярные мессенджеры.

Департамент полиции Актюбинской области еще раз предупреждает граждан, быть бдительными и не поподаться на уловки интернет-мошенников!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 334
Категория: 
�����