«Осторожно, мошенники!»: Полиция призывает ни в коем случае не сообщать смс-коды поступившие на телефон и номера банковских карт незнакомым лицам

"Абайлаңыз, алаяқтар!": Полиция телефонға келіп түскен смс-кодтарды және банк карталарының нөмірлерін бейтаныс адамдарға ешбір жағдайда хабарламауға шақырады

Алаяқтықтың танымал тәсілдерінің бірі - белгілі сайттарда тауарларды сату туралы хабарландыруларды орналастырумен байланысты. Олар  клиенттерді төмен бағамен қызықтырады және банктік шоттарға ақша аудару арқылы «тауарға» алдын ала төлем жасауды талап етеді.

Сонымен қатар, егер Сіз тауар сату туралы жарнаманы өзіңіз берген болсаңыз, алаяқтар сіздің сеніміңізді пайдаланып, картаңыздан ақша ұрлауы мүмкін.  Ол үшін қаскүнемдер Сізге тауардың ақшасын аудару үшін қажет деген сылтаумен Сіздің картаңыздың мәліметтерін, содан кейін телефоныңызға келген СМС-кодты айтуды сұрайды. Осыдан кейін Сіздің шотыңыздағы барлық ақшаңыз қылмыскерлердің қолына өтеді.

20 жастағы ақтөбелік осындай интернет-алаяқтықтың  кезекті құрбаны болды. Жас жігіт танымал сайтта 35 мың теңгеге жиһаз (комод) сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған танымал мессенджер арқылы өзін Шымкент қаласының тұрғыны ретінде таныстырған адам хабарлама жазған. Ол жәбірленушіге тауарды сатып алғысы келетінін айтқан. «Сатып алушы» жиһаздың ақшасын алдын ала аударып жіберуге қажет деген сылтаумен ақтөбеліктен банк картасының нөмірін, сондай-ақ смс-хабарлама арқылы келген кодты жазып жіберуді сұраған. Жігіт барлық нұсқауларды орындаған. Нәтижесінде алаяқтар жігіттің банктік шотынан 40 мың теңге сомасында ақша қаражатын шешіп алған. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашуға және қылмыскердің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және бейтаныс адамдарға өздерінің жеке деректерін, банк карталарының деректемелерін бермеуге, телефонға келіп түскен смс-кодтарды ешбір жағдайда хабарламауға шақырады, өйткені бұл шотыңыздан ақша қаражатын ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін.

 «Осторожно, мошенники!»: Полиция призывает ни в коем случае не сообщать смс-коды поступившие на телефон и номера банковских карт незнакомым лицам

Один из популярных способов мошенничеств связан с размещением объявлений о продаже товаров на популярных сайтах. Злоумышленники привлекают клиентов заниженными ценами и требуют перечисления предоплаты путем перевода денежных средств на банковские счета.

Кроме того, если Вы сами разместили объявление о продаже товара, мошенники могут воспользоваться вашей доверчивостью и похитить деньги с Ваших карт. Якобы для перевода вам суммы за покупку, злоумышленники просят продиктовать данные Вашей карты, а потом код из смс-сообщения. После чего все Ваши деньги перечисляются на счета преступников.

Очередной жертвой интернет-мошенников стал 20-летний актюбинец.  Молодой человек разместил на популярном сайте объявление о продаже комода за 35 тысяч тенге. Накануне ему через мессенджер написал незнакомый человек,  представилась жительницей города Шымкент. Она сообщила потерпевшему, что хочет купить товар. По просьбе телефонной аферистки, якобы нужно для перевода ему оплаты за товар, актюбинец отправил ей номер банковской карты, а также код безопасности, который поступил ему в смс-сообщениях. В результате заполучив секретный СМС-код, злоумышленники завладели денежными средствами в сумме 40 тысяч тенге  с банковского  счета молодого человека. В настоящее время проводится комплекс оперативно-розыскных мероприятий, направленный на раскрытие данного преступления и установление личности злоумышленников.

Сотрудники полиции призывают граждан быть бдительными и не раскрывать свои личные данные, реквизиты банковских карт незнакомым людям, ни в коем случае не сообщать им смс-коды поступившие на телефон, так как они могут быть использованы для хищения денежных средств.

Просмотров: 291
Категория: 
�����