Парк имени А.С. Пушкина будет обновлен

А.С.Пушкин атындағы саябақ жаңартылатын болады
Қала әкімі Азамат Бекет бұл саябақтың жаңғырту жұмыстары нәтижесінде тарихи келбеті сақталынатынын айтты. Айта кетсек, Пушкин саябағы 2 гектардан астам жер учаскесінде орналасқан. Бұл жер қазір сот шешімімен мемлекет меншігіне өтті. Ескі саябақты тұрғындар жаңартуды ұзақ жылдардан бері сұрап келеді.
«Біз қазір Пушкин атындағы саябақта тұрмыз. Екі-үш күннен бері саябақ ішіндегі ескі карусельдердің демонтаж жасалып жатқанын көрген қала тұрғындары әлеуметтік желіде әр түрлі пікірлерін жазып, алаңдаушылық білдіруде. Алаңдауға негіз жоқ. Бұл аттракциондардың бәрі де өткен ғасырдан бері тұрғанын, тозығы жеткенін және қауіпсіз емес екенін қала тұрғындары жақсы біледі. Жалпы, бұл парк ескірді, жаңғыртуды қажет етеді.
Тарихи деректерге сүйенсек, парк ретінде бұл орын 1887-1890 жылдары құрылған. 1937 жылы паркке классик ақын, 19-шы ғасырдың ықпалды әдеби қайраткері Александр Сергеевич Пушкиннің аты берілді.
Өткен ғасырда Пушкин саябағы Ақтөбенің мәдени орталығы болып саналды. Бұл парк ақтөбеліктер үшін ыстық, ескі қаланың жүрегі десек те болады. Сондықтан, бұл орынның тарихи келбетін, атын сақтап қалуымыз керек. Паркті жаңартып, тұрғындар үшін демалыс орны ретінде жөндеп беретін боламыз. Ол үшін қазір демеушілердің есебінен парктің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр. Жаңадан қосымша жасыл желек егіледі, суару жүйесі тартылады, парк жиһаздары, балалардың ойын алаңы қойылады. Яғни, болашақта осы орын тұрғындардың және қала қонақтарының мәдени демалысына арналған жақсы саябаққа айналады деп сендіргім келеді», - деді Азамат Бекет.

Парк имени А.С. Пушкина будет обновлен.
Аким города Азамат Бекет сообщил, что исторический облик парка будет сохранен при реконструкции. Стоит отметить, что земельный участок парка, площадью более 2 гектаров, решением суда передан в государственную собственность. Ранее жители города неоднократно обращались с просьбами о реконструкции устаревшего парка.
«Мы находимся в парке имени Пушкина. Жители города, заметившие демонтаж старых каруселей в последние два-три дня, выражают обеспокоенность и делятся различными мнениями в социальных сетях. Однако причин для беспокойства нет. Горожане знают, что все эти аттракционы стоят здесь с прошлых времен, устарели и небезопасны. В целом, этот парк нуждается в обновлении.
Согласно историческим данным, парк был основан в 1887-1890 годах. В 1937 году ему было присвоено имя классика поэзии, влиятельного литературного деятеля 19 века Александра Сергеевича Пушкина.
В прошлом веке парк Пушкина считался культурным центром Актобе. Этот парк дорог актюбинцам и является сердцем старого города. Поэтому мы должны сохранить его исторический облик и название. Мы обновим парк и реконструируем его как место отдыха для жителей. В настоящее время за счет спонсоров разрабатывается проектно-сметная документация. В парке будут высажены дополнительные зеленые насаждения, проведена система орошения и установлена парковая мебель, детская зона. Хочу заверить, что в будущем этот парк станет любимым местом культурного отдыха и досуга для жителей и гостей города», - сказал Азамат Бекет.

Источник.https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DFXsQYfgX16/

Просмотров: 158
Категория: 
�����