Жолаушы жігіт автокөлік салонында ауылдасының ақшасын ұрлаған
12 қарашада түнгі мезгілде Ақтөбе қаласынан Ойыл ауданына қарай келе жатқан «Мазда-323» автокөлігінің салонында ұрлық фактісі орын алған.
Автокөліктің рулінде болған Ойыл ауданындағы ауылдардың бірінің 30 жастағы тұрғынының сөмкесінен 200 000 теңге көлеміндегі ақшасы ұрланған. Автокөлікте жәбірленушімен бірге үш жолаушы болған.
Ақшасының жоғалғанын үйіне келгеннен кейін анықтаған ауыл тұрғыны полицияға арызданды.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті тұлғаны анықтады. Көлік салонында артқы орындықта отырған 27 жастағы ауыл тұрғыны жүргізуші орындығының артында ілулі тұрған әйелдер сөмкесінің ішіндегі әмияннан ақшаны жасырын ұрлағанын мойындады.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіден ұрланған ақша тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.
Пассажир украл деньги односельчанки в салоне автомобиля
12 ноября, ночное время в салоне автомобиля «Мазда-323», следовавшего из города Актобе в Уилский район, произошла кража денег.
У 30-летней жительницы села Уилского района, находившейся за рулем автомобиля, с сумки были тайно похищены деньги, в размере 200 000 тенге. В салоне авто вместе с потерпевшей находились три пассажира. Пропажу сельчанка обнаружила по приезду домой и обратилась в полицию.
В ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий, сотрудники полиции установили подозреваемого. Им оказался 27-летний односельчанин, который ехал на заднем сиденье автомобиля. Мужчина признался, что по дороге путем свободного доступа, с женской сумки висевшей на спинке сиденья водителя, незаметно достал портмоне и тайно похитил денежные средства.
По факту кражи возбуждено уголовное дело по части 1 статьи 188 Уголовного кодекса Республики Казахстан. Похищенные деньги изъяты. Ведется расследование.