Паводки в РК: первые 10 домов готовы к заселению в Актюбинской области

Ақтөбенің Қобда ауданында судан зардап шеккендерге алғашқы он үй салынды Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан алғашқы 10 үй дайын болды. Өңірде қазір жүздеген ауыр техника мен жұмысшылар ертелі-кеш, дамылсыз еңбек етіп жатыр. Жоспар бойынша жұрт жаңа баспана кілтін, тамыз айының соңына дейін алуы тиіс. Өзеннен тасыған су баспанасын шайып кеткен Қаламқас Аманшина құрылыс басына күнде келеді. Қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған соң көңілі жай тапқанын жасырмады. Тамыз таяғанда ішкі әрлеу жұмыстары да тәмәм болған. Зейнеткер он жыл бұрын аудан орталығындағы саманнан қаланған ескі үйлердің бірін сатып алған. Көктемгі тасқынға шыдас бермей қираған үйінің орнына зәулім баспана тұрғызылып жатқанына дән риза. Қаламқас Аманшина, Қобда ауылының тұрғыны: - Құрылыс өте қайнап жүріп жатыр. Ризамыз. 130 үй салу оңай емес қой халыққа да. "Мың басшыға бір қосшы",-деп сол азаматтардың арқасында осындай дәрежелі кең үйге жеттік. Зәулім үйге. Ризамыз. үйіміз кең, жарық. Үй өте ұнап жатыр.

 Құрылыс сапасын жергілікті билік пен техникалық бақылау жүргізетін арнайы мамандар қадағалайды. Бұдан бөлек тұрғындар тарапынан да қоғамдық бақылау бар. Санат Жамансарин, мердігер мекеме өкілі:- Тұрғындар кешкілік уақытта келеді. Істеп жатқан жұмысымызды қарайды. Әзірге сын айтылған жоқ. Мәселен мына үйдің иесі зейнет жасындағы әжей. Күнде келіп жүр. Көңілінен шыққанын айтты. Бірінші үй де солай.

 Қазір ауданда құрылыс қарқынды. Себебі 147 отбасы қоныс тойын асыға күтіп жүр. Сондықтан бір мезгілде 15 мердігер мекеме жұмылдырылған. Дені ішкі қабырғаларын сырлап, бөлмелеріне есік орнатып жатыр. Қанат Мыңбаев, Қобда ауданы әкімінің орынбасары: - Қазірі уақытта барлы құрылысқа қажетті құрылыс материалдары толығымен жеткізілді. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Құрылыста барлығы 259 жұмысшы тартылған. Құрылысты белгіленген жоспарға сәйкес тамыз айында тапсырамыз деген ойымыз бар.

 Құрылысы тәмәм болған он баспананың кілті санаулы күннен кейін иелеріне табысталады. Оған дейін мердігерлер тағы бірнеше үйді тапсыруы тиіс. Тасқын судан зардап шеккен халық тамыздың соңына дейін түгел көшіп, қоныс тойын атап өтуді көздеп отыр.

Паводки в РК: первые 10 домов готовы к заселению в Актюбинской области  Первые десять домов, которые построили для пострадавших от паводка, готовы к заселению в Кобдинском районе Актюбинской области. В строительстве жилья задействованы сотни рабочих и необходимая техника. Главная задача – успеть в срок. Жительница Кобды Каламкас Аманшина практически каждый день приходит на строительную площадку. Её прежний саманный дом, по заключению специалистов, признан аварийным. Вместо него построили новый. Недавно рабочие завершили внутреннюю отделку. Пенсионерка не скрывает радости. Каламкас Аманшина, жительница села Кобда:

- Строят быстро. Мы очень благодарны. Конечно, это непросто одновременно возводить столько жилья. Благодаря строителям мы получим такие светлые, красивые дома.

За качеством работ следят местные власти и специалисты технического надзора. Помимо этого контролируют ход строительства и сами жители. Интересуются процессом многие сельчане, – отмечает начальник участка. Санат Жамансарин, начальник участка: - Люди приходят вечером. В свободное время посещают, осматривают. Замечаний нет. Допустим, вот этот участок, дом 167. Пожилая женщина всем довольна. Ей нравится, всё чисто и аккуратно. И первый дом тоже. Постоянно приходят.

 Новое жильё в районе ждут 147 семей. Поэтому к работе привлекли 15 подрядных организаций. Большинство из них уже приступили к внутренним отделочным работам. Темпы работ замечаний не вызывают, – говорит заместитель акима района Канат Мынбаев. Канат Мынбаев, заместитель акима Кобдинского района: - Сейчас все необходимые строительные материалы у нас есть. Поэтому работа идёт активно. Всего в строительстве задействовано 259 рабочих. Планируем завершить работу в установленный срок.

 В ближайшие дни ключи от новых домов получат 10 семей. К этому времени к заселению подготовят еще несколько жилых строений. Полностью завершить строительство жилья для пострадавших от паводка в районе планируют в августе.

Источник: «24.kz»

 

Просмотров: 174
Категория: 
�����