Қарғалы су қоймасына судың келу қарқыны бәсеңдеді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қарғалы ауданына барды. Жұмыс сапары барысында Қосестек ауылында болып, Қарғалы су қоймасының жағдайын көрді. 1615 адам тұратын Қосестекте тұрғын үйлерді су басу дерегі жоқ, тек жергілікті демалыс саябағы су астында қалыпты. Әкімдік ауыл ішімен өтетін Қосестек өзенінің жағасын нығайтып, топырақ үйіп қойған. Жергілікті тұрғындармен кездесуден кейін өңір басшысы Қарғалы су қоймасындағы ахуалмен танысты. Жобалық қуаттылығы 280 млн. текше метрді құрайтын су торабы бүгінде 98%-ға толы. Қарғын судың ағыны секундына 200 текше метр болса, суды ағызу да дәл сондай, 200 текше метр транзиттік режіммен жіберілуде. Бір күн бұрын, қауіпсіздік мақсатында суды жіберу секундына 350 текше метр шегінде болды. Алдағы екікүндікте қоймадағы су ағынының толық төмендеуі күтілуде.
«Біз су қоймасының айналасын қарап шықтық. Қарғалы су қоймасына құятын өзендерде су деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Бұл күн сайын су қоймасына келетін су көлемі ағыны азая бастайды деген сөз. Жағдайды екі сағат сайын бағамдап отырмыз»,- деді облыс әкімі. «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының мәліметінше, облыстың барлық үш ірі су қоймаларында жағдай қалыпты, судың келуі азая бастады. Қазіргі уақытта Ақтөбеге секундына 15-20 текше метр су, Саздыға небәрі 7 текше метр, Қарғалы су қоймасына 200 м3/с су келуде.
Пик притока воды в Каргалинское водохранилище пройден Аким Актюбинской области Асхат Шахаров в ходе рабочей поездки в Каргалинский район посетил село Кос-Истек и осмотрел Каргалинское водохранилище. В Кос-Истеке вода до жилых домов не дошла, лишь подтопила местный парк отдыха. Всего в селе проживают 1 615 человек. После встречи с местными жителями глава региона осмотрел Каргалинское водохранилище. При проектной мощности в 280 млн кубометров гидроузел заполнен на 98%. При притоке 200 кубометров в секунду сброс воды составляет 200 кубометров/сек. Днем ранее сброс воды осуществлялся в пределах 350 кубометров в секунду. В течение одного-двух дней ожидается полный спад притока воды.
«Мы осмотрели местность вокруг водоема. В реках, которые впадают в Каргалинское водохранилище, наблюдается спад уровня воды. Это значит, что с каждым днем приток воды в само водохранилище будет уменьшаться. Ситуацию мониторим каждые два часа»,- отметил аким области. По данным актюбинского филиала РГП «Казводхоз», на всех трех крупнейших водохранилищах области ситуация стабильная, в них поступает все меньше воды. В настоящее время в Актюбинское водохранилище поступает 50 кубометров в секунду, в Саздинское – всего 4 кубометра в секунду, в Каргалинское - 200 м3/с.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi