Ведомствоаралық комиссиялардың бірлескен отырысы өтті Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Жиында Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы мен «Бизнеске жол» жобаларын жүзеге асыру мәселелері, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау аясында атқарылған жұмыстар сөз болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бастығының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша баяндама жасап, анықталған тәуекелдерді жоюға қатысты бірқатар ұсынысын айтып өтті. Облыстық спорт және дене шынықтыру, денсаулық сақтау және білім басқармаларына жүргізілген жемқорлық тәуекелдерінің талдау қорытындысындағы ұсынымдарын уақытылы және сапалы орындауды сұрады. Сондай-ақ, биылғы жылдың басында департамент Ақтөбе облысының аумағында әлеуметтік нысандарды салу мерзімдерін бақылауға алған-ды. Бүгінгі таңда 17 проблемалық нысанның 4-і пайдалануға берілді, қалғандарында аяқталатын өз мерзімі бар. Құрылыс нысандарында бейнекамералар санын әлі де арттыру міндеттелді. Асхат Шахаров салалық басқармалармен бірге жұмыстарды әрі қарай жалғастырып, тәуекелдер картасына енген салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру бойынша хаттамалық тапсырмалар берді. Отырыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы да айтылды. Құқықбұзушылық профилактикасы жөнінде Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркін Өтеген баяндады. 2023 жылы шақыру түймесі бар жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам нысандары орнатылған. Жалпы саны 206-ны құрайды. Былтыр Ақтөбе қаласы бойынша 450 млн.тг. бөлініп, оған 90 бағдаршам қойылыпты. 2023 жылы 1150 жол белгісін орнату, ауыстыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Жол-көлік инспекциясының нұсқамаларына сәйкес жұмыстар орындалуда. Күн сайын апат салдарынан жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Автомобиль жолдарының жоғары қарқынды учаскелерінде жарықтандырылған 8 жеке жол белгісі орнатылыпты. Биыл 2600-ге жуық жол белгісін қою жоспарлануда. Жол сызбаларын сызу, қоршаулар орнату және жолда жасанды соққылар мен жаяу жүргіншілер жолын бояу жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, жиында қылмыстық статистика және ақпараттарды есепке алу жөніндегі облыстық департаменттің бастығы Нұрлан Бижанов та сөз сөйледі. Өңір басшысы қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру, қозғалысты реттеудің техникалық құралдарын жаңғырту бойынша бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау қажеттігін жауапты лауазымды тұлғалардың тағы бір есіне салды. Автожолдарды жөндеу, қалпына келтіру, жамау жұмыстары назардан тыс қалмайды.
Состоялось совместное заседание межведомственных комиссий Под председательством акима области Асхата Шахарова состоялось совместное заседание межведомственных комиссий по противодействию коррупции и профилактике преступности. На встрече обсуждались вопросы, связанные с реализацией карты коррупционных рисков Актюбинской области и проекта «Бизнеске жол – Дорога к бизнесу», а также работа, проводимая в рамках защиты прав предпринимателей. Первый заместитель руководителя департамента Агентства РК по противодействию коррупции Алмат Мырзалиев озвучил итоги внешнего анализа деятельности местных исполнительных органов и дал ряд рекомендаций по устранению выявленных рисков. Областным управлениям физкультуры и спорта, здравоохранения и образования поручено своевременно и качественно реализовать рекомендации по результатам анализа коррупционных рисков. В начале текущего года ведомство взяло на контроль вопрос сроков завершения строительства социальных объектов по Актюбинской области. Сегодня из 17 проблемных объектов 4 введены в эксплуатацию, сроки завершения по остальным держатся на контроле. На заседании было озвучено увеличить количество видеокамер на строительных объектах. Асхат Шахаров поручил филиалам качественно выполнять работу в направлении снижения коррупционных рисков, предотвращения коррупции и формирования антикоррупционной культуры в отраслях, включенных в карту рисков. На совещании также обсуждались меры, принимаемые по обеспечению безопасности дорожного движения. О профилактике правонарушений доложил исполняющий обязанности начальника управления административной полиции Департамента полиции Еркин Утеген. В 2023 году были установлены 206 светофоров с кнопкой вызова у пешеходных дорожек. Для Актобе в прошлом году на эти цели выделили 450 млн. тенге и на эти средства установили еще 90 светофоров. В прошлом году установлено, заменено и отреставрировано 1 150 дорожных знаков. Этот вопрос контролирует дорожная инспекция. Дорожные знаки зачастую восстанавливают каждый день из-за аварий. На участках автодорог с высокой интенсивностью установлено 8 световых индивидуальных дорожных знаков. В этом году планируется установить около 2600 дорожных знаков. По плану ведутся работы по нанесению разметки на дорогах, установке ограждений и покраске пешеходных дорожек и выравниванию неровностей на проезжей части. В ходе заседания также выступил начальник департамента Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры РК по Актюбинской области Нурлан Бижанов. Глава региона еще раз напомнил ответственным лицам о необходимости реализации утвержденного комплексного плана на 2024-2026 годы по созданию безопасной дорожной инфраструктуры и модернизации технических средств регулирования дорожного движения. Ремонт, восстановление, ямочный ремонт автомобильных дорог не останутся без внимания.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi